Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылдамдық

Автор:   •  Октябрь 8, 2021  •  Лекция  •  445 Слов (2 Страниц)  •  597 Просмотры

Страница 1 из 2

Сабақ №9

Тақырыбы: Жылдамдық

Жылдамдық – адамның сыртқы орта тітіркендіргіштеріне дереу жауап беретін және шапшаң қимылдар жасай алатын қасиет. Сан жағынан жылдамдық қимыл реакциясының құпия кезеңінің уақытымен, дара қимыл шапшаңдығымен, уақыт бірлігіндегі қимылдар жиілігімен сипатталады. 

[pic 1]

1. Жылдамдық жеке қозғалыстардың техника элементтерінің шекті шапшаңдығы ретінде

2. Реакция жылдамдығы

3. Жылдамдық қозғалыс қарқынының қажетті сипаттамасы ретінде

СӨЖ: Жылдамдықты дамытатын жаттығулар кешенін құрастыру

1. Жылдамдық жеке қозғалыстардың техника элементтерінің шекті шапшаңдығы ретінде

Жылдамдық қасиеттерінің "таза" түрі спортта сирек кездеседі: шекті жылдамдық шамалы қарсылықтар жағдайында ғана көрінуі мүмкін, мысалы, теннистегі соққы, семсерлесудегі қысқа шаншу және бұлшықеттің үлкен топтарының қатысуынсыз соққы және т.с.с.

Әдетте қозғалыстардың максималды жылдамдығы күшпен бірге көрінеді, яғни бұл қозғалыстар белгілі бір дәрежеде күштік болып саналады.

2. Реакция жылдамдығы (стартердің белгісіне, ойын жағдайының өзгеруіне және т.с.с.)

Жылдамдықтың бұл түрі бокс, семсерлесу, спорттық ойындар сияқты спорт түрлерінде, сондай-ақ қысқа мерзімді спринт жаттығуларында өте маңызды.

Жекпе-жек және спорттық ойындарда жылдамдық реакциясы спортшының қарсыласынан озып, жағдайды бағалап, осы жағдайда ең тиімді шешім қабылдап, оны жүзеге асыра алуы үшін негізгі және қажетті шарт болып табылады. Дәл осы шеберлік, ең алдымен, барлық көрнекті боксшыларға, семсерлесушілерге, баскетболшыларға және т.б. тән.

Жылдамдық реакциясы жеңіл атлетикада спринтерлік жаттығуларды орындауда, жүзуде, конькимен жұгіру спортында және басқа да спорт түрлерінде мүмкіндігінше жылдам сөре үшін қажет. Шындығында, бұл сапа жақсы дамығанның өзінде тек 0,1, ең жақсысы 0,2 секунд ұтып алуға мүмкіндік береді, алайда, спринтер үшін кейде бұл уақыт та өте маңызды.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (117.7 Kb)   docx (35.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club