Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баламалы энергетикаға шолу

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Реферат  •  786 Слов (4 Страниц)  •  338 Просмотры

Страница 1 из 4

Нурайл Балауса 327- ЭЭ. СӨЖ-1

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Өздерің тұратын региондағы ең үлкен электростанцияны анықтау
  2. Мен тұратын аймақтағы баламалы энергияның түрі
  3. Фермерлік шаруашылық және менің ұсынысым
  4. Энергия көздерінің бүгінгі бағасы
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Энергияны шектен тыс пайдаланудан бүгінде жер бетінде жахандық жылыну үрдісі жүруде. Ал жер бетіндегі температурының көтерілуі, жахандық жылыну бүгінде әлем елдерінің басын қатырып отырған мәселе. Осы орайда баламалы энергия көздерін табу, табиғаттың өзін энергия көзі ретінде пайдалануға ынта жоғары болып отыр.

  1. Өздерің тұратын региондағы ең үлкен электростанцияны анықтаңыз.

Жамбыл облысы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуда көшбасшылардың бірі болып саналады.

Қазақстандағы бірінші өнеркәсіптік жел электр станциясы Жамбыл облысында, Қордай аймағындағы Мұзбел тау асуында іске қосылған, ол жел энергиясының елеулі ресурстарына ие. Қордайдан басқа, Талас пен Сарысу облыстарында желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 6 метрге немесе одан да асады және бұл әлеуетті өнеркәсіптік ауқымда пайдалануға болады.

Айта кету керек, Жамбыл облысы күн, жел мен судың әлеуетін пайдалану бойынша республикада үнемі жетекші орынға ие. Қазақстанда 2011 жылы өңірде «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау туралы» Заңның қабылдануымен қуаттылығы 7 -ден 300 МВт -қа дейінгі гидро, жел және күн электр станцияларының құрылысына 10-нан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Мен тұратын елді мекендегі ең үлкен Жылу Электр Станциясы Жамбыл ГРЭС - Қазақстандағы электр станциясы болып табылады. Қазақстанда орнатылған қуаты бойынша 3 ші орында.(1230МВт )

Станция жайлы айта кетсем, 1964 жылы Қазақ КСР оңтүстігінде қарқынды дамып келе жатқан химия өнеркәсібін электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл ГРЭС құрылысы басталған. Жамбыл мен Шымкент индустриалды аймақтарындағы ірі химия кәсіпорындарының даму перспективаларын ескере отырып, бірінші кезеңде электр станциясының қуаты 600 МВт деңгейінде анықталған.

Сосын 1974 жылы ГРЭС -те қосымша құрылыс басталды. Енді қазір электр станциясы әрқайсысының қуаты 210 МВт болатын бірнеше моноблокпен жабдықталды. 1976 жылы 30 желтоқсанда алтыншы қондырғы іске қосылғаннан кейін құрылыс аяқталып, электр станциясының қуаты 1230 МВт-қа жетті.

Бүгінгі күнге дейін Жамбылдық ГРЭС - Қазақстанның оңтүстігіндегі негізгі энергетикалық база болып отыр. Бұл республикадағы блок-типті бірінші электр станциясы, аймақтағы ең қуатты зауыттардың бірі.

Бұл станция Мазут отынымен ғана жұмыс істейді. Станцияның құлдырауына әкеліп соқтырған бірден -бір кемшілігі де осы мазутты пайдалану болды, ал Қазақстандағы басқа да көптеген электр станциялары көмірмен, газбен және мазутпен жұмыс істеуге қабілетті, аралас типті қондырғылар болып табылады. 2000 жылы мұнай бағасы бірнеше есе көтерілгеннен кейін мазуттың бағасы пропорционалды түрде өсті. Жамбыл ГРЭС -інде өндірілетін энергияның өзіндік құны 10 теңгеге дейін көтеріліп, қазақстандық рекорд орнатты. Осы себепті станцияны тек жылу маусымында жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (89.6 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club