Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Энергетика"

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Лекция  •  11,035 Слов (45 Страниц)  •  712 Просмотры

Страница 1 из 45

1 Жобалау объектісі

«АЖК» АҚ–ы құрамына кіретін Қазақстандық энергиялық жүйе, Өзбекстан және Қырғызстан энергетикалық компанияларымен қоса біріккен Орталық Азия Энергетикалық Жүйесін (ОА ЭЖ) құрайды, ол Ресеймен параллельді тәртіпте жұмыс жасайды.

АҚ «АЖК» АҚ-ның Алматы облысы АЭЖ-лары 10 ауданды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Менің дипломдық жұмысымда қарас-тырылатын Қараой ауылындағы қосалқы станция Өтеген батыр АЭЖ-на кіреді.

Өтеген батыр АЭЖ-ның бастығы – Алмешов Алмахат Алмешович. АЭЖ-дың мекен жайы - Өтеген батыр ауылы, Титов к-сі, 33А. Өтеген батыр АЭЖ 2011 жылы құрылып, "АЖК" АҚ - ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өтеген батыр АЭЖ құрамына жеті шеберхана кіреді: Междуреченское ауылы, Қараой ауылы, Ащыбұлақ ауылы, Байсерке ауылы, Первомайский ауылы, Боралдай ауылы және Өтеген батыр ауылы.Орташа радиус 80 км. Жеке тұлғалар саны - 35584 бірлікті құрайды, заңды тұлғалар- 1215 бірлік.

Өтеген батыр АЭЖ балансында бар жабдықтар: ВЛ-10кВ-806,56 км. ВЛ-6кВ-6,91км, ВЛ-0,4кВ-530,73 км, КЛ-6/10 кВ -31 км,  КЛ-0,4кВ-13, 77км, ҚС-110/35/10 кВ-1дана, ҚС--110/6 кВ – 3дана, ҚС--35/10 кВ –8дана, ҚС-35/6 кВ – 1дана, ЦРП-6/10кВ-3дана, КТП-6-10/0,4кВ- 403/107,071 м/МВА.

Энергожүйенің үздіксіз жұмыс жасау үшін Өтеген батыр АЭЖ-на баланста тұрған жабдықтар, желі және қосалқы станциялар жайлы және ең бастысы “Қараой” қосалқы станция жайлы мәліметтер болуы қажет.

35/10 кВ  кернеудегі “Қараой” төмендетуші қосалқы станциясы Іле ауданы Қараой ауылында орналасқан.

Қосалқы станция ауа температурасы орташа  орташа жылдық мәліметтермен 100С құрайды.  Қыстық орташа температура -100С, жазда 270С құрайды. Тайғақтықтан екінші ауданды және желден үшінді ауданды құрайды.  Жер сілкіну тұрақтылығы бес баллға тең.

Қазіргі таңда бұл қосалқы станцияда негізгі жабдықтардан:

1. Екі дана ТМ-1600/35 типті трансформатор.

2. РНДЗ.2-35/1000У1  типті айырғыштар.

3. ВТ-35-630-12,5У1 типті ажыратқыштар.

4. КРН-III-10 шкафы орналасқан.

Қарастырылып отырған қосалқы станция ауылдық тұтынушыларды 10 кВ желілерімен электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған. Және қосалқы станция бірінші категориялы тұтынушыларды қамтамасыз етіп отыр.

Қосалқы станцияны жаңадан жобалау тура сондай объектіні салғаннан қиындау. Өйткені жабдықтарды ең басында демонтаждау керек. Демонтаждан бұрын қалған жабдықтарды аяншылықты режиммен есептеу керек. Бүкіл жабдықтарды демонтаждау жұмыстары жұмыс істеп тұрған қосалқы станциясында болады. Ол жерде ылғи техниканы қолдану мүмкіншілігі болмайды, қауіпсіздік техникасын сақтау қажет, тоқөткізгіш бөліктерден ара-қашықтықта болу қажет. Осындай қиыншылықтар жаңа жабдықтарды қояр кезде де пайда болады.

Трансформаторларды демонтаждау келесі жұмыстардан тұрады:

желіден ажырату, ошиновкаларды трансформаторлардан ажырату, майды ағызу;

қосылған жерден трансформаторларды демонтаждау және транспор-тировка.

Жаңа трансформаторды қою келесі жұмыстардан тұрады:

май жинағыш пен дренажды орды жасау;

май жинағыштың балластын себу;

рельстік фундаментті орналастыру;

трансформаторды қойылатын орнына транспортировка;

дайындалған аумаққа орналастыру;

трансформаторға ошиновканы қосу;

бакты маймен толтыру;

сынамалық қосу және жөндеу;

трансформаторларды қосу және де жұмысын тексеру.

Трансформаторды қосалқы станция максималды жүктемеде болған кезде ауыстыру қажет. Ол кезде негізгі тұтынушыларды өшірмей, қалған трансформаторға түсетін жүктемені анықтау қажет.

Токөтікізгіш бөліктер (шиналар, ошиновка) және электрік жабдықтардың бүкіл түрі (ажыратқыштар, айырғыштар, есептік трансформаторлар) максималды есептік мәндер (тоқ пен кернеу) бойынша таңдалу керек. Олардың таңдалуына есептелген көлем мен электр жабдығының рұқсат етілген көлімі салыстырылады. Есептік және рұқсат етілген көлемдердің кестесі жасалады. Сенімділікті және апатсыз жұмысты қамтамасыз ету үшін, есептік мәндер рұқсат етілген мәндерден аз болуы қажет.

...

Скачать:   txt (142.2 Kb)   pdf (3.4 Mb)   docx (2.7 Mb)  
Продолжить читать еще 44 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club