Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу

Автор:   •  Ноябрь 28, 2023  •  Реферат  •  3,054 Слов (13 Страниц)  •  139 Просмотры

Страница 1 из 13

7

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………..3

1 Геологиялық бөлім………………………………..………………………….....4

1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер..........…......................……………4

1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы…..........5

1.3 Кен орынның мұнайгаздылығы.....................................................................8

2 Технологиялық бөлім…...…………………………………….........................9

2.1 Бүрғылау тәсілін таңдау және дәлелдеу.......................................................9

2.2 Ұңғыма құрылысын жобалау және дәлелдеу..............................................10

2.3 Бұрғы тізбегінің құрылымын жобалау, бұрғы құбырлар тізбегін беріктікке есептеу.................................................................................................11

Қорытынды................................…...……………………………………………13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі …...…………………………………...….……14

Кіріспе

            Республикамыздың басты байлығы саналатын мұнай және газ шикізаты ел экономикасы дамуының ажырамас бір бөлігі болып отыр.

            Елімізде көптеген ірі мұнай және газ кен орындары бар.Солардың бірі-Өзен кен орны.

            Өзен кен орны Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар бұрынғы КСРО-дағы ең ірі мұнай кен орны болып табылады, кен орны  1961 жылы ашылып, өндірістік игеруге 1965 ж.енгізілді, ал 1975 жылы мұнай өндірудің ең жоғарғы шегіне жетті.Осыдан кейін өнім алудың төмендеуі қосымша қаржыландырудың жоқтығы мен материалды-техникалық құралдарды жұмылдыру арқылы, жаңа технологиялық шешімдерді енгізудің ұйымдастырылмауы әсерінен тоқтатылды.Нәтижесінде 1981 жылдан бастап мұнай өндіру қарқынының жылдық төмендеуі 2-3 %-ға жетті.

            1993 жылдан бастап өндірудің төмендеу қарқыны 6-8 есеге ұлғайды. Кен орында орын алған критикалық жағдай жақын жылдарда оның толық тоқтауына әкелуі мүмкін.

            Қазақстан Республикасының үкімет қабылдаған Өзен кен орнын қалпына келтіру жоспары бойынша осы кен орнындағы өндіру деңгейін қалпына келтіру мен тұрақтандыру үшін шет ел инвестициясын шақыру қарастырылған.

1 Геологиялық бөлім

1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер

Өзен кен орны Маңғыстау түбегінің геологиялық әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп аталатын оңтүстік шөл дала бөлігінде орналасқан.Әкімшілік жағыыан кен орны территориясы Маңғыстау облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңаөзен қаласы, ол кен орнынан оңтүстікке қарай 8-15 км – де орналасқан. Батысында 80 км – Жетібай қаласы, ал 150 км –Ақтау қаласы.

Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен ойпаттар бар,олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі – 132м «Қарагие» ойпаты.

Аудан рельефі өте күрделі қүрылысымен сипатталады. Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м және оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағынан қарай кемерлер түрінде күрт үзіледі.
Өзен ойпаты 500км2 ауданды алады. Ойпаттың түбі жыралармен кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.

Қарастырылып отырған аудан топырағы мен өсімдіктерінің сипатына қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары негізінен су көзі жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының маусымдылығынан пайдаланылмайды. Аудан климаты күрт континенталды, шөлейтті, тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық, құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысымымен сипатталады. Жазда максималды температура +45 С-‘С, минималды температура қыста -30 еС.

Ауданда күшті желдер соғады. Қыста қар аз. Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен кектем-күз мезгіліне келеді.
Атмосфералық жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері 100 мм шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.Жаңаөзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады. Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.Кен орнында ендірілген мүнай Атырау қаласына және одан ары Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнай ілеспе газы және табиғи газ Қазақ газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса зауытына, маңғыстау энерго комбинатына (МАЭК) тасымалданады.

...

Скачать:   txt (41.7 Kb)   pdf (279.1 Kb)   docx (132.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club