Минералды тынайткыштар
Автор: altynai2007 • Ноябрь 9, 2021 • Лекция • 1,110 Слов (5 Страниц) • 366 Просмотры
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
1-тақырып. АЗОТ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ
1. Азот тыңайтқыштары, олардың қасиеттері және қолдану ерекшеліктері. Азот тыңайтқыштарының топырақ және өсімдіктермен әрекеттесуі.
2. Әр түрлі топырақ-климат аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда әрі оның сапасын жақсартуда азот тыңайтқыштарының маңызы.
3. Солтүстік Қазақстан топырақтарында азот тыңайтқыштарының тиімділігі және оларды қолдану ерекшеліктері.
4. Дақылдардың азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау әдістемесі.
Әдебиет:
1. Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия. - Алматы: Қайнар, 1989.- 245-261 б.
2. Елешев Р.Е., Смағұлов Т.С. Агрохимия. - Алматы: Қазмемагру, 1997.- 79-92 б.
3. Елешев Р., Смағұлов Т., Балғабаев Ә. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. - Алматы, 2000.- 71-83 б.
4. Ягодин Б.А. Агрохимия. - Москва: Колос, 1989.- 221-253 б.
5. Минеев В.Г. Агрохимия. - Москва, 1990.- 159-182 б.
6. Минеев В.Г. Агрохимия. - Москва, 2004.- 259-288 б.
7. Справочник по применению удобрений /под ред. Пономаревой А. Т./.- Алма- Ата: Кайнар, 1981.- 60-74 б.
8. Научные основы и рекомендации по применению удобрений в Казахстане.- Алма-Ата: Кайнар, 1982
9. Плодородие почв Северного Казахстана и эффективность удобрений.- Алма- Ата: Кайнар, 1977
10. Рекомендации по применению удобрений под зерновые культуры в Северном и Центральном Казахстане.- Шортанды, 1994
11. Черненок В.Г. Азотный режим почв Северного Казахстана и применение азотных удобрений.- Акмола, 1997
Қазіргі кезде өндірілетін азот тыңайтқыштары құрамындағы азот түріне қарай төрт топқа бөлінеді:
Нитратты тыңайтқыштар – құрамында азот нитрат (NO3) түрінде болатын азот тыңайтқыштары. Буған натрий селитрасы, кальций селитрасы жатады.
Аммиакты тыңайтқыштар – құрамында азот аммоний (NH4) түрінде болатын азот тыңайтқыштары. Буған аммоний сульфаты, хлорлы аммоний, сусыз аммиак, аммиак суы жатады.
Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар – құрамында азот аммоний (NH4) және нитрат (NO3) түрінде болатын азот тыңайтқыштары. Буған аммиак селитрасы, әк-аммоний селитрасы, аммоний сульфат-нитраты жатады.
Амидті тыңайтқыштар – құрамында азот амид (NH2) түрінде болатын азот тыңайтқыштары. Буған мочевина, кальций цианамиді жатады.
Азот тыңайтқыштарын қолдану тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеті, тұздардың физиологиялық реакциясы болып табылады.
Тұздардың физиологиялық реакциясына қарай азот тыңайтқыштары физиологиялық қышқылды және физиологиялық сілтілі болады.
Егер өсімдік тыңайтқыш құрамындағы катионды көп пайдаланса, топырақ ерітіндісінің реакциясы қышқылды жаққа қарай ауысады да, осындай тыңайтқыштар физиологиялық қышқылды болып есептеледі.
Мысалы: аммоний сульфаты (NH4)2SO4, хлорлы аммоний NH4Cl физиологиялық қышқылды тыңайтқыштарға жатады. Өйткені өсімдік бұл тыңайтқыш құрамындағы SO42- анионына қарағанда NH4+ катионын көп сіңіреді. Ал SО42- анионы сутек Н+ катионымен әрекеттесіп, күкірт қышқылы түзіледі де қышқылды реакция туғызады.
Егер өсімдік тыңайтқыш құрамындағы анионды көп пайдаланса, топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілі жаққа қарай ауысады да, осындай тыңайтқыштар физиологиялық сілтілі болып есептеледі.
Мысалы: натрий селитрасы NaNO3, кальций селитрасы Ca(NO3)2 физиологиялық сілтілі тыңайтқыштарға жатады. Себебі өсімдік олардың құрамындағы NО3- анионын Ca2+, Na+ катиондарымен салыстырғанда көп пайдаланады.
Тұздардың физиологиялық реакциясын тыңайтқыштар қолдануда ескеру қажет.
Натрий селитрасы (натрий нитраты, азот қышқылды натрий) – NaNO3, құрамында 15-16 % азот және 26 % натрий бар. Ақ немесе сұрғылт түсті, майда кристалды, суда жақсы еритін, едәуір ылғал сіңіргіш, физиологиялық сілтілі тұз.
...