Жаңа модельдерді жобалау әдістері
Автор: AidanaAlibek • Апрель 20, 2023 • Лекция • 831 Слов (4 Страниц) • 184 Просмотры
Модуль 1 Жаңа модельдерді жобалау әдістері.
МБ - 1 Әртүрлі ассортименттегі тігін өндірісініңбұйымдарын жобалау кезеңдері. Типтік жобалау. Жаңа модельдерді жобалау әдістері.
МБ - 2 Модель–аналогтарды іріктеу және талдау әдістемесі. Модель –аналогтарды таңдау және талдаудың негізгі принциптері. Модель –аналогтарды бағалау.
МБ - 3 Бір конструктивтік негізде модельдер коллекциясынәзірлеу
Модуль 2 Тігін өндірісі бұйымдарының сәндік бөлшектерінің конструкцияларын жобалау ерекшеліктері
МБ - 4 Тігін өндірісі бұйымдарының сәндік бөлшектерініңконструкцияларын жобалау ерекшеліктері. Әртүрлі ассортиментті киімдердегі жаға түрлері. Күрделі формадағы жағалардың жобалануы. Киімде әрлеу бөлшектерінің жобалануы.
МБ - 5 Композиция заңдары мен құралдары негізінде киімді жобалау.
Модуль 3 Тігін бұйымдарына конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
МБ - 6 Тігін бұйымдарына конструкторлық құжаттаманы әзірлеу. Конструкторлық құжаттаманың құрамы. Лекалоның негізгі түрлері.
МБ - 7 КҚБЖ талаптарына сәйкес сырт ассортименттегі бұйымдарға арналған лекалолардың сызбаларын безендіру принциптері.
МБ - 8 КҚБЖ талаптарына сәйкес сырт ассортименттегі бұйымдарға арналған лекалолардың сызбаларын безендіру принциптері.
МБ - 9 Киімдегі лекалоның градациясы. Лекалоның градациясына қойылатын негізгі талаптар.
Модуль 4 Әртүрлі материалдардан жасалған тігін бұйымдарын жобалау принциптері
МБ - 10 Әртүрлі материалдардан жасалған тігін бұйымдарын жобалау принциптері. Тоқыма жаймасынан дайындалған бұйымды жобалау принциптері.
Модуль 5 Әртүрлі келбетті дене бітімдерге арналған бұйымдарды жобалау принциптері
МБ - 11 Әртүрлі келбетті дене бітімдерге арналған бұйымдарды жобалау принциптері. Ауытқуы бар дене бітімдердің жіктелуі.
МБ - 12 Дене бітімдердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, базалық конструкциялардың лекалалары бойынша модельдердің конструкцияларын әзірлеу
МБ - 13 Әр түрлі дене бітімге арналған белдік бұйымдарды жобалау принциптері.
Модуль 6 Тігін бұйымдарының сапасын бағалау
МБ - 14 Ақауларды жіктеу және оларды жою тәсілдері. Технологиялық ақаулардың пайда болу себептері. Конструктивтік ақаулардың сипаттамасы. Үлгілеуақауларының ерекшеліктері.
МБ - 15 Тігін бұйымдарының сапасын бағалау.
Дәріс 1. Әртүрлі ассортименттегі тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау кезеңдері.
Жоспар
1) Әртүрлі ассортименттегі тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау кезеңдері.
2) Модельер-конструктордың негізгі міндеттері.
3) Жаңа үлгілерді жобалау әдістері
Тарату материалы: Power Point Презентациясы
1) Әртүрлі ассортименттегі тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау кезеңдері.
Киім-бұйымнемесеадамныңденесінжабатынбұйымдаржиынтығы. Киім – сөзі кеңмағынасында тек ішкиім, сыртқыжәнежеңілкиімғанаемес, бас киім, аяқкиім, қолғап, шұлықжәнет.б. қамтиды. Жобалау кезеңі-жобалық рәсімдер мен операцияларды орындауды қамтитын жобалау сатысының құрамдас бөлігі.
ТТ - ТҰ - ЭЖ - ТЖ- ЖҚ
Бірінші кезең - техникалық тапсырманы әзірлеу.КҚБЖ-да (Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі) берілген анықтамаға сәйкес, онда бұйымның негізгі мақсаты ғана емес, сонымен қатар конструкторлық құжаттаманы әзірлеу сатысында қажетті сапа көрсеткіштері, оның құрамы, сондай-ақ бұйымға қойылатын арнайы талаптар көрсетілуі тиіс.
Екінші кезең-бірдей немесе ұқсас мақсаттағы ұқсас бұйымдарды талдау негізінде жаңа бұйымдар шешімдерінің ықтимал нұсқаларын дайындауды қамтитын техникалық ұсынысты әзірлеу. Жобалаудың осы кезеңінде қажетті жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін модель-аналогтардың тиісті картотекаларын жасау қажет.
...