Сұраныстар. Түймелер (кнопочная форма)
Автор: dastanabu • Ноябрь 28, 2018 • Лабораторная работа • 721 Слов (3 Страниц) • 573 Просмотры
№4 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сұраныстар. Түймелер(кнопочная форма)
Жұмыстың мақсаты: сұраныстармен жұмыс жасау, қорытынды кестеде жазбалардың ретке келтірілуі, сұрыптау шарттарының қолданылуы, негізгі түймені құру.
Теориядан қысқаша мәлімет.
Сұраныс тұтынушының тапсырысының шарты бойынша бір немесе бірнеше кестелердегі жазбаларды сұрыптау үшін қолданылады.Ассеss -те келесі сұраныс түрлерін пайдалануға болады:
[pic 1]
- Таңдама бойынша сұраныс;
- Берілген параметрлер бойынша сұраныс;
- Қиылма сұраныс;
- Өзгеріс негізінде құрылған сұраныс;
- Өзгеше сұраныстар SQL ;
Көбіне мәліметтер базасында деректерді бір немесе одан да көп кестелерде бейнелейтін таңдама сұраныс қолданылады.
- Конструктор;
- Қарапайым сұраныс;
- Қиылма сұраныс;
- Қайталайтын жазбалар;
- Бағынушыларсыз жазбалар;
Мәліметтер схемасын құру сұраныстарды жобалау үшін, сонымен қатар мәліметтер қорының құрылысын түсіну үшін қажет.
Шебердің көмегімен мәліметтер қорын құрғанда автоматты түрде мәліметтер қорының есебі мен үлгісінің көмегімен оңай орын ауыстыруға болатын түйме құрылады. Тұтынушы диспетчерлік түйме арқылы өз бетімен түйме үлгісін жасауға мүмкіндігі бар.
Microsoft Access – диспетчерлік үлгісінің көмегімен түйменің құрылуы кезінде үлгі түрінде шығатын, оның көмегімен іске асырылатын түйменің анықтамасын қамтитын элементтер кестесі жасалады. Түймені конструкторлық режимге түрлендіру барысында қосымшаның жұмыс істемеуі ықтимал. Егер түймеге елеулі өзгерістер енгізу керек болса, онда түймені қайта құрып, оны негізгі етіп белгілеу ұсынылады.
Тапсырма.
Тапсырма -1. Сұраныстың құрылуы.
1. мәліметтер базасын ашыңыз.
2. сұраныс анықтамасын ашып, зерделеп алыңыз.
3. қосымша сұранысқа өтіңіз → создать → конструктор →диалогтық терезедегі кесте қосу → закрыть мәліметтер қоры схемасы пайда болады.
4. төменде конструкторлық сұраныс терезесінде кесте атын, тиісті өрістерді қалыптастырыңыз. Екі рет кезегімен негізгі кестедегі есімдерді басып, ата-тегін алфавит бойынша орналастырыңыз.
[pic 2]
5. Тиісті қосылымдарды ескере отырып, жалақыларды есептеу үшін есептегіш өріс құру үшін курсорды бірінші бос бағанға қойыңыз. «Жалақы» сөзін теріп сүраныс конструкторындағы өрнектеу нүктесін шертіңіз.
6.Өрнек құру диалогтық терезесінде төменде келтірілген есімдер өрісін қоюға мүмкіндік беретін батырмаларды қолданып, өрнек жазуға болады.
[pic 3]
7. Терезенің төмендегі бөлігіндегі кестені ашыңыз →лауазымдар құжаты →кесімді жалақы (оклад) жазбасын екі рет шертіңіз (бұл ақшаның өрістегі баламасы), бағдарлама автоматты түрде өрістің атын енгізеді → [+] белгісін шертіңіз →қосымша басқа кестеден ұқсас мәндерді қосыңыз.
Соңғы нәтиже мынадай болуы тиіс:
Жалақы: [Лауазымдарі] ! [Кесімді жалакы]+[Шені] + [Қ-шені] + [стажы] ! [Қ-стаж] + [шегрілуі] ! [К- шегерілуі]
...