Күштік трансформаторларды жөндеу
Автор: danik_120397 • Сентябрь 10, 2020 • Реферат • 834 Слов (4 Страниц) • 1,556 Просмотры
Түрлендіретін ток түріне қарай 1 фазалы және 3 фазалы трансформаторлар болады. Атқаратын қызметіне қарай олар: күштік трансформаторлары (электр энергиясын таратуға арналған), жоғары кернеулі сынақ трансформаторлары, ток немесе кернеу импульстерін түрлендіру үшін қолданылатын импульстік трансформаторлар, үлкен токтар мен кернеулерді өлшеуге арналған өлшеуіштік трансформаторлары, жоғары жиілікті кернеулерді түрлендіруге арналған радиожиілікті трансформаторлар және радиоэлектрондық құрылғылардың қоректендіруші блоктарында қолданылатынрадиотрансформаторларға т.б. бөлінеді.
Трансформаторларды тасымалдаудың өз ерекшеліктері бар: Таратқыш желілердің трансформаторларын машинамен тасымалдайды. Тиеу жұмысын қауыпсіздік техникасы сақтала отырып механикаландыру тиіс. Қолданатын тетіктер, құралдар мен аспаптар тексерілген және көтеретін салмаққа сай болуы тиіс.
Трансформаторларды жалпақ болат қаңылтыр төселген көлбеу төсенішпен жылжытады. Тиеу кезінде көлбеу бүрышы 150-тен артпауы тиіс, аударылып кетпеу үшін, темір арқан жоғары жағынан бекітіледі. Трансформатордың екінші жағынан керме пайдаланады. Трансформаторларды көтергенде, түсіргенде, көтеру механизмдерінің ілгіштерін баққа пісіріп бекітілген қарқашаға бекітеді. Трансформаторларды жинаулы күйінде алынатын (белсенді) бөлігінен іліп көтеруге тиым салынады. Трансформаторларды мәшиненің қорабына жан-жағынан тартып, қораб керегесімен арасына ағаш сына қағып бекітеді, оның еңкеюі 150-тан артпауы тиіс.
Трансформаторды қосу алдында мыналарды істеу керек:
оны көріп шығу;
оқшаулағыштарды бензинмен, құрғақ шүберекпен сүрту;
термометрге трансформатор майын құю және термометрді орнату;
трансформатор басын жерлендіру;
майға физикалық-химиялық талдау жасау және оның электрлік бекімдігін сынау;
барлық тарамдағы орамдар кедергілерін тұрақты тоқ бойынша өлшеу. Егер трансформатордың құжатында ерекше белгі болмаса, кедергілердің айырмашылықтары 2%-дан артпауы тиіс. НН орамы мен бүйір, ВН мен НН арасындағы оқшаулағыштың кедергілерін анықтау; ажыратқыштың қойылып жұмыс тәртіптерінің белгіленгендігіне көз жеткізу;
ауа тазалағыштағы жылтырауық калпақ пен фланецты шешіп алу және ондағы цеолит пен силикагелді тазалау;
толық жинағымен қатталып келетін пакеттен ауа тазартқышқа әуелі индикаторлы силикагель, содан соң цеолит салады. Силикагель мен цеолит салған ыдыстарда ақау болуынан, болмаса басқа себептермен ылғалданған болса оларды кептіреді (индикаторлы силикагель дымданғанда өзінің көгілдір түсінен қызғылт түске өзгертеді);
трансформатордың дөңгелегін тасымал жағдайынан жұмысшы жағдайына ауыстыру;
май құйылған жерлердің қоспаларын тексеріп, май аққан жағдайда бұрандасын тартып қатайту;
ұлғайтқыштағы май деңгейін көрсеткішке қарап, майдың деңгейін тексеріп, аз болса, қоршаған ортаның ауа райының температурасына лайық деңгейге келтіру (ол үшін майды ағызады немесе ұстап құяды).
Майдың қызмет мерзімін, сонымен қатар трансформатордың қызмет мерзімін ұлғайту үшін мынадай шараларды іске асыру керек:
1. Майды сырттағы ауамен жанасудан, толық немесе ішінара қорғау.
Францияның көптеген ірі фирмалары трансформатор майларын азот қорғанышымен шығарады, қақпақ пен майдың арасындағы қуыстың ауасын сорып алып, азот толтырады. Ыдыс қақпағына, сиымдылығы трансформатордың қызу температурасына қарай өзгеріп отыратын серпімді қапшық орнатады. Фирмалардың кейбірі трансформатор ыдысының қақпағына, трансформатор қызған кезде қақпақ астындағы азоттың артығын атмосфераға шығарып жіберетін, трансформатор суынғанда оны тығыздайтын клапанды тетік орнатады.
...