Шпаргалка по "Программированию"
Автор: AkerkeDd • Сентябрь 26, 2021 • Шпаргалка • 14,172 Слов (57 Страниц) • 365 Просмотры
- ЭЕМ-нің даму тарихы, буындары. Электронды есептеуіш машиналардың жіктелуі.
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілдді.
Шыққан компьютерлер буынға бөлінеді.
Компьютердің бірінші буыны – 1959 жылға шейін шығарылған электронды лампалық машиналар, жылдамдықтары ондаған мың а/с., разрядтылығы 31-34 бит, жедел жадыларының көлемі 1-4 кб
Компьютердің екінші буыны – 1968 жылға шейін шығарылған транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың а/с., разрядтылығы 31-48 бит, жедел жадыларының көлемі - 8-128 кб.
Компьютердің үшінші буыны – 1970 жылдан бастап интегралды микросхемалар арқылы жасалынған компьютерлер мен компьютерлер кешені, жылдамдықтары миллиондаған а/с., разрядтылығы 32-64 бит, жедел жадыларының көлемі 64-1024 кб.
Компьютердің төртінші буыны – 1975 жылдан бастап үлкен немесе өте үлкен интегралды микросхемалар арқылы жасалынған көппроцессорлы суперкомпьютерлер мен микрокомпьютерлер
Компьютердің бесінші буыны – 1980 жылы Жапония жариялаған 5 жылдық жобадан басталады, онда компьютерлік тілдің машиналық тілі ретінде логикалық программалау тілі PROLOG – ты аппаратты түрде жүзеге асырып, жасанды зерде (интеллект) жүйесін құру көзделді.
Компьютердің алтыншы буыны - өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап қолға алына бастады.
Нөлдік буын
б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды.
• б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды.
• 1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы XX ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.
• 1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессорі, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті.
- ЭЕМ-ді ұйымдастыру деңгейлері.
- Компьютерлік ортаның ең төменгі деңгейінде компьютердің аппараттық жабдықталуы орналасқан. Аппараттық жабдықтар көзге көрінбейтін объектілерден, атап айтқанда, интегралдық үрділерден, бастап шығарушы тақшадан, кабельдерден, электр көздерінен, еске сақтаушы құрылғылардан тұрады. Машиналық тілде жазылған программа интерпретаторлар мен трансляторлардың көмегінсіз компьютердің электронды үрділері арқылы орындалады. Бірақ көптеген компьютерлерде бұйрықтар жүйесі, жады құрылымы, деректерді енгізу мен шығару машина тілі деңгейінде қолданушының программасын орындауға ыңғайсыз. Аппараттық жабдықтау жайлы шындықты жасырушы программа операциялық жүйе деп аталады. Қолданушы олардың мүмкіндіктерін өз программаларында жүйелік шақырулар деп аталатын арнайы бұйрықтардың көмегімен пайдалана алады. Компьютерлік ортаның осы жұмыс атқарылатын деңгейін операциялық жүйе деңгейі деп атайды. Қолданушы үшін операциялық жүйе компьютерді нақты құрушы аппараттық жабдықтауға қарағанда программалауға жеңілдік беретін жұмыс істеуге ыңғайлы кеңейтілген немесе виртуалды машинаның рөлін атқарады. Әртүрлі компьютерлер мен желілерді біріккен жүйе түрінде көрсету үшін бөлшектелген жүйелер программалық жабдықтаудың қолданушылар және қосымшалар орналасқан жоғары деңгейі мен операциялық жүйелерден тұратын төменгі деңгейдің арасындағы қосымша деңгейді қолданады. Бұл деңгей аралық деңгей деп аталады. Ең жоғарғы деңгейде қолданушы қосымшалары орналасқан. Одан төмен орналасқан деңгейлердің барлығы осы жоғары деңгейдің жұмысын қамтамасыз етеді. Компьютердің бүкіл ішкі жұмысының механизімі қолданушы назарынан тыс қалады. Бұл жерде бұйрықтар интерпретаторлары, терезелер жүйесі, компиляторлар, редакторлар орналасқан. Бұл деңгей қолданбалы программалаушыларға арналған тілдерден тұрады. Ол тілдерді жоғарғы деңгейлі тілдер деп атайды. Компьютер әрбір келесі алдыңғысына қарай икемделетін деңгейлердің тармақтық үлгісі ретінде жобаланады. Әрбір деңгей - әртүрлі объектілер мен амалдардан тұратын анықталған
2)ЕСҚ ның иерархиясы - Өте жылдам ЕСҚ(ӨЖЕСҚ);
- Кэш жады типті БЕСҚ.
- Қатты магнитті дискідегі(ЖЕСҚ) және СЕСҚ;
- Иілгіш магниттік дискідегі ЕСҚ(ИМДЕСҚ) және магнитті таспадағы ЕСҚ. (МТЕСҚ).
ӨЖЕСҚ жартылай өткізішті интегралды сұлбаларды регистрлерде құрылады. ӨЖЕСҚ жылдамдығы наносекунд бірлігін құрайды. БЕСҚ тапсырманың шешу кезеңінде интенсивті түрде қолданылатын командалармен операндоларды уақытша сақтауға арналған. Буферлік жады әдетте бағдарламалаушыдан «жасырын» қойылған, ол оны мекентей алмайды, керек болса оның бар екенін білмейді де. Сондықтан мұндай жады кэш жады деген атқа ие болып отыр(кэш-САСН-құпия, ағылшын сөзі).
...