Шпаргалка по "Программированию"
Автор: Лаура Кулымбай • Сентябрь 16, 2021 • Шпаргалка • 16,903 Слов (68 Страниц) • 318 Просмотры
1.Программалау тілдері. Си тілінің негізгі элементтері.
С бағдарламалау тілі 1972 жылы Bell Laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчидің басшылығымен Америкада жасап шығарылды. Одан бұрын А және В бағдарламалау тілдері пайда болғанымен, бірақ олар кең қолданыс таба алмады.
С тілі- құрылымы Паскаль тіліне ұқсас жоғары деңгейлі қуатты тіл. Оның төменгі деңгейлі Ассемблер тілімен де ұқсастығы бар. Сондықтан, оны әдебиеттерде орташа деңгейлі тіл деп те атайды.
С тілі арқылы компилятор және операциялық жүйе сияқты жүйелік бағдарламалар жазылады. Бұл тілде жазылған алғашқы бағдарламалық жабдық- Unix операциялық жүйесі.
С тілінің стандарты 1983 жылы Американың ұлттық стандарттар институтында бекітілді және ANSI C деп аталды. 1980 жылдың басында сол фирма қызметкері Бьерн Строуструп С тілінің нысанды- бағдарлы кеңейтілуін жасады. Ол тіл 1983 жылы С++ деп аталды.
2.Си бағдарламалау тілінің алфавиті.
Барлық бағдарламалау тілдерінің өз алфавиті болады. Алфавит – бағдарламада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар, белгілер). С/C++ тілінің алфавиті төмендегідей:
∙Латын алфавитінің бас (A-Z) және кіші (a-z) әріптері
∙Араб цифрлары: 0 – 9
∙Арнайы символдар: { }, | [ ] ( ) + - / % \ ; ‘ : ? < = > _ ! & # ~ ^ . *
Жолда, символдық тұрақтыда және түсіндірме мәтінде басқа да белгілер, мысалы орыс алфавитінің әріптері қолданылады. Бос орын символымен бөлінбеген кейбір символдар комбинациясы тұтас бір символ ретінде түсініледі.
Мысалы: ++ -- == && || << >> <= += -= *= /= /* */ //
Түсіндірме мәтін Турбо С тілінде /* */ символдар жұбы арқылы,
С++ -те // символдары көмегімен жазылады.
Мысалы: 1) /* Герон формуласы */
2) // Үшбұрыштар теңсіздігі
Идентификаторлар
Әріптен немесе _ белгісінен басталған латын әріптерінің, цифр және _ белгісінің тізбегі идентификатор болып табылады.
Мысалы: x1, esep_1,max, _min, SUMMA
Паскаль тілінен айырмашылығы бұл тілде бас және кіші әріптер ажыратылады. Мысалы: max, Max, MAX, mAX- әртүрлі идентификаторлар.
Қызметші сөздер
Паскаль тіліндегі сияқты С++ -те қызметі бір мәнді анықталатын идентификторлар- қызметші сөздер қолданылады. Олардың толық тізімі компилятор түріне байланысты болады. Дегенмен, барлығына ортақ қызметші сөздер тізімі болады.
Мысалы: auto, break, сase, char, continue, if, goto, void, while, long, union т.б.
Деректер типтері
Сандық деректердің С++ тілінде 4 базалық типі бар. Олар int, char- бүтін, float, double- нақты.
Олардан басқа бағдарламада бұл типтердің модификациясы қолданылады. Олар төмендегі 1- кестеде көрсетілген.
Кесте 1. С++ тіліндегі деректер типтері
С++ тіліндегі бағдарламада айнымалыны сипаттау форматы төмендегіше болады:
типтің_ аты айнымалылар_ тізімі;
Айнымалыларды сипаттау мысалдары:
int x,y,z;
unsigned long max1,max2;
float a,b,c;
Сипаттаумен бір мезгілде айнымалының бастапқы мәнін беруге де болады. Мұндай әрекет айнымалыны инициализациялау деп аталады.
Жалпы түрі: тип айнымалының_ аты= бастапқы_ мәні;
Мысалы: int Sum=0, n=0;
float p=1.55 ;
unsigned int x=100, year=2013;
Тұрақтылар
Бүтін және сандық тұрақтылар Паскаль тіліндегідей жазылады. Ерекшелігі, суффикс қолдануға болады, ол арқылы бағдарламалаушы тұрақтының типін көрсетеді. Суффикстің үш типі болады: F (f) - float, U(u)- unsigned, L(l) - long.
Сонымен қатар, U және L суффикстерінің қосарлы UL немесе LU нұсқалары да қолданылады.
Мысалы: 3.14F, 100U, 512345UL
Cимволдық тұрақтылар апострофқа алынады. Мысалы: ‘V’, ’a’, ’1’, ’%’, ’)’
Ал символдар тізбегінен құралған жолдық тұрақтылар тырнақшаға алынады.
Мысалы: “Қосынды=”, “х, у мәндерін енгіз”.
3.Си бағдарламалау тіліндегі басқару символдары.
Символдық тұрақтылар ішінен басқару символдары деп аталатын символдар тізбегі ерекше қызмет атқарады. Олар экранға шығаруды басқаруды жүзеге асырады. Басқару символдары ‘\’ символынан басталады. Басқару символдары төменде көрсетілген:
‘\n’- жаңа жолға өту
...