Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Программированию"

Автор:   •  Ноябрь 18, 2019  •  Шпаргалка  •  6,844 Слов (28 Страниц)  •  731 Просмотры

Страница 1 из 28

Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шықты? Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Атақты араб математигі абу Жапар М ұхаммед ибн М ұса әл-Хорезми (763-850 ж.) есімінің латынша Algorіthmі (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан.

Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай? 1.Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек. Онда қандай қадамдар көрсетілсе, тек соны ғана орындау керек. Есеп шығару жолына керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс. Атқарушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбауы тиіс.2. Алгоритмнің үзіктілік, яғни модульділік қасиеті. Екіншіден, алгоритмнің үзік-үзік модульдерге бөліну қасиеті болуы тиіс, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеуге әрқашанда мүмкіншілік болуы керек. Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшамды бөліктерге, ал олар одан да кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттерге жіктеледі. 3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм нәтижелі болуы керек. Әрекеттердің шектелген санынан кейін белгілі бір уақыт ішінде қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Әрбір алгоритм біршама бастапқы мәліметтердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға қол жеткізеді. 4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрылғанда белгілі бір жеке ғана мәселеге (есепке) арналып жасалмай, сол тәрізді мәселелердің барлық тобын шешуге мүмкіндік беретіндей етіліп жасалуы қажет.Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді.Бұл қасиет алгоритмнің практика жүзінде пайдаланылу бағалылығын арттырады..

Алгоритмнің формалды атқарылуы дегенді қалай түсінуге болады? Орындаушы алгоритм командаларын орындай

отырып, өзі атқарып отырған істің мән жайына көңіл аудармайды, сонда да ол белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің Бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп те айтады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын машинаға жүктеуге мүмкіндік береді.

4. Атқарушының командалар жиыны дегеніміз не? Алгоритм командаларын рет-ретімен осылай орындау белгілі бір қадамдардан кейін есептің нәтижесі алынып, мақсаттың орындалатынын көрсетеді.Әрбір алгоритм белгілі бір атқарушыға арналып жасалады, ол ондағы әрбір команда әрекетін толық орындайтын дәрежеде болуы тиіс. Алгоритм атқарушы орындай алатын командалар жиыны атқарушының(немесе компьютердің) командалар жүйесі деп аталады.Алгоритм оны атқарушыға толық түсінікті болуы тиіс, яғни оның әрбір командасы атқарушының командалар жүйесіне кіруі тиіс.

5. Алгоритм және программа дегеніміз не, олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу.Алгоритмді машинаға енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтінтүрінде жазып, компьютердің жадына енгізу қажет. Ал алгоритм мен оның орындалуын компьютерде жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады. Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай ж ұмыс ерекшеліктері болады: 1) есепті шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет; 2) алгоритм программаға айналдырылуы тиіс; 3) программа машина жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек.

6. Компьютерде орындалатын алгоритмдердің қандай қасиеттері болады? Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады: 1) алгоритм анық әрі дәл өрнектелуі тиіс; 2) оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет; 3) алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже

...

Скачать:   txt (87.9 Kb)   pdf (144.9 Kb)   docx (36.8 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club