Работа в программе CC-link
Автор: Arman Qawe • Октябрь 15, 2019 • Лекция • 3,554 Слов (15 Страниц) • 351 Просмотры
Мазмұны
№ 1 зертханалық жұмыс. CC – Link желісінің баптаулары. CC – Link желісін қолдануға арналған бағдарлама жазу мысалы | 3 |
№ 2 зертханалық жұмыс. CC – Link желісінің мастер – станциясы ретінде Q сериялы контроллерді GX IEC Developer бағдарламалау ортасында бағдарламалау | 7 |
№ 3 зертханалық жұмыс CC – Link желісінің құрамындағы жұмысы үшін GOT1000 сериалы оператор панелін GT Designer2 бағдарламалау ортасында бағдарламалау | 17 |
№ 4 зертханалық жұмыс CC – Link желісі бойынша жиілік түрлендіргішті басқару | 22 |
№5 Зертханалық жұмыс Parts элементінің көмегімен технологиялық процессті визуализациялау | 27 |
Ұсынылған әдебиеттер тізімі | 32 |
[pic 1]
№ 1 зертханалық жұмыс. CC – Link желісінің баптаулары. CC – Link желісін қолдануға арналған бағдарлама жазу мысалы.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: CC – Link желісінің баптауларында тәжірибелік дағды алу және бір станциядан басқа желіге енетін мәліметтерді тарату болып табылады.
1.1 Негізгі техникалық деректер
Ашық топология және басқару желісі түрлі құрылғылар мен деректерді тез алмасуға мүмкіндік береді. Барлық өндірушінің спецификалық желілері сияқты CC – Link жылдам орнықтырылады және кепілді жұмыс жасайды. CC – Link желісі – сондай – ақ ашық желі, сондықтан көп көлемді, нарықта пайда болған және осы желілермен сәйкес келетін «Үшінші» өндірушілер өнімдерін қосуға мүмкіндігі бар. 1-суретте CC – Link желісінің топологиясы келтірілген. Аталмыш компаниялар SMC, Festo, Siemens және т.б CC – Link желісі үшін қазірдің өзінде өнімдерін әзірледі. CC – Link желісінде сондай – ақ, жойылған станция ретінде қолданылатын, резервті негізгі компьютер болуы мүмкін.
[pic 2]
1 сурет – CC – Link желісінің топологиясы
- Желінің ұзындығы 13,2км-ге дейін
- Мониторинг / интерактивті бағдарламалау (Qсериялы)
- Ең жоғарғы ақпарат тарату жылдамдығы 10Мбит/с
- Mitsubushi компаниясының құрылғыларына қосу жеңілдігі
- Q сериялы жабдықтарды орнықтыру үшін бағдарламалау қажет етілмейді.
- Деректерді резервтейтін және қателіктерге өте жақсы тұрақтандырылған кіріктірме алгаритмдері бар.
CC – Link кабельі. Бұл кабель бір рангті арнайы желілерді құру үшін және кез – келген CC – Link – ті сәйкес өніммен қосуды қамтамасыз ететін, CC – Link желісінің жабдықтарын қосу үшін арнайы жобаланған.
1.2 CC – Link желісінің баптаулары
CC – Link желісін баптау үшін мастер станцияны таңдау қажет. Бұл станция өз ретінде деректермен желінің барлық компоненттерінің арасында «аралық сақтағышы» болып табылады. Мастер станцияда мекенжай кеңістігі желіге енетін барлық станциялар арасында таратылатын болады. Желінің баптаулары мастер станцияда бағдарламаланатын бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады. Біздің жағдайда бұл GX IEC Developer.
1.3 CC – Link желісін қолдануға арналған бағдарлама жазу мысалы
Мәліметтерді меңгеру үшін қарапайым тапсырманы орындап көріңіз. Тапсырманың негізгі мақсаты: CC – Link желісінің баптауында дағды алу және бір станциядан басқа желіге енетін мәліметтерді тарату болып табылады
Тапсырма:
Қашықтықтан басқару пультінен жойылған атқарушы механизмдердің қосылуын қамтамасыз ету қажет. Қашықтықтан басқару пульті ретінде стендтің алдыңғы панелінде орналасқан, жойылған енгізу модуліне қосылған, X0-X7 тумблерлер қолданылады. Атқарушы механизм ретінде жойылған шығару модульдерінің шығысы қолданылады.
Шешуі:
Берілген тапсырманы орындау үшін қажет:
- CC – Link желісін жоғарыда сипатталғандай баптау қажет;
- GXIEC Developer бағдарламалау ортасында бағдарлама жазу.
Төменде тапсырманы орындау үшін бағдарлама мысалы келтірілген (2 – сурет).
Тапсырма жойылған кіріс модулінің кірісінен жойылған шығыс модулінің шығысына сигнал таратуға бағытталған.
Берілген тапсырманы орындау үшін бағдарлама жазу өрісіне 8 тармақ қоямыз. Әрбір тармаққа 1 кіріс және 1 шығыс қоямыз. Оларға сәйкес мекенжайларды тағайындаймыз. Мысалы бірінші тармақта кіріске Х13С0, ал шығысқы Ү1380 мәнін тағайындаймыз. Бұл мәндер жойылған кіріс модулінің Х0 кірісіне және жойылған шығыс модулінің Ү0 шығысына сәйкес келеді. Енді жойылған кіріс модулінің Х0 кірісіндегі сигнал, жойылған шығыс модулінің Ү0 шығысына берілетін болады.
...