Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по производственной практике в «Computer Science»

Автор:   •  Июль 19, 2023  •  Отчет по практике  •  1,881 Слов (8 Страниц)  •  174 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

М А З М Ұ Н Ы

  1. Кіріспе ..................................................................................................................... 2
  2. Негізгі бөлім ........................................................................................................... 3

2.1. Өндіріс орынымен танысу .............................................................................. 3

       2.1.1. Жұмыс орынындағы нұсқаулық ........................................................... 4

       2.1.2. Компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

       ережелері ......................................................................................................... 5

2.2. Өндірістік практика барысымен танысу ...................................................... 6

       2.2.1. Компьютерлер құрылымы және қысқаша сипаттамасы ................... 7

       2.2.2. Деректер қоры сипаттамасы ................................................................ 8

       2.2.3. Деректер қорын өндіріс орнында қолдану ....................................... 11

       2.2.4. ДҚБЖ көмегімен деректер қорын басқаруды ұйымдастыру ......... 12

  1. Қорытынды .......................................................................................................... 14
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................... 15      

К І Р І С П Е

Өндірістік практика барлық мамандықтар бойынша, соның ішінде «Computer Science» мамандығы бойынша білікті мамандарды даярлау жолындағы құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Практика барысында теориялық оқытудың нәтижелері бекітіліп әрі нақтыланады, студенттер таңдаған мамандығы бойынша практикалық жұмыс дағдыларын игереді.

Өндірістік практиканың негізгі мақсаты оқу барысында алған теориялық білімді практикалық бекіту болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі нәтижесі өндірістік практикадан өту кезеңіндегі атқарған қызметтер бойынша  барлық нәтижелер мен ұйымдағы негізгі көрсеткіштерді қамтитын өндірістік практика туралы есеп болып табылады.

Сонымен, өндірістік практикадан өтуші студент ретінде менің негізгі міндеттерім:

  • кәсіпорында өндірістік практикадан өту кезінде кәсіпорынның қызметімен, жұмыс орнындағы нұсқаулықтар және қауіпсіздік техникасымен, жұмыс орнының техникалық және бағдарламалық жасақтамасымен танысу;
  • бағдарламаға сәйкес жеке тапсырманы орындап, есеп беру құжаттамасын ұсыну.

Н Е Г І З Г І    Б Ө Л І М
2.1. Өндіріс орынымен танысу

Практиканы өту үшін таңдап алынған өндіріс орны Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас аудандық округінде орналасқан «Шаруашылық жүргізу құқындағы Балқаш орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болды. Іргетасы 1986 жылы қаланған ауданымыздың осы ауруханасында кәзіргі таңда 26 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсетіліп келеді. Компьютерлер саны – 82.

Тағы да айта кететін жайт, биылғы жылы Балқаш орталық аудандық ауруханасында күрделі жөндеу болып өтті және кейінгі жетілдірілген технологиялармен жабдықтандырылды. Осы жұмыстардан кейін аурухана директоры Иманалиев Даурен Жұмазыұлының басшылығымен тұрғындарға жаңа бағытта медициналық қызмет көрсетіле бастады. Атап айтқанда, енді Балқаш ауданының тұрғындары әртүрлі деңгейдегі зерттеуді қажет ететін анализдерді емханада тапсыруына болады.

[pic 1]

1-сурет. Балқаш орталық аудандық ауруханасы

2.1.1. Жұмыс орынындағы нұсқаулық

Жұмыс орынына келгеннен кейін практикант студенттің міндеттері, кәсіпорынның материалдық базасын пайдалану туралы нұсқаулық айтылып өтіледі.

Кәсіпорындағы студент-практиканттың міндеттері келесідей:

  • Практика базасына уақытылы келу;
  • Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама алу;
  • Кәсіпорын басшысы мен практика жетекшісі қойған практикалық тапсырмаларды орындау;
  • Белгіленген үлгі бойынша практика күнделігін жүргізу;
  • Кәсіпорынның ішкі тәртібі мен еңбек тәртібін қатаң сақтау;
  • Орындауға тиіс жұмысқа және тапсырылған мүлікке жауапты болу.

Кәсіпорын тарапынан нұсқаулық жүргізілгеннен кейін студент күнделікке нұсқаулықпен танысқаны туралы қол қояды. Содан кейін тапсырмаларды орындап бастауға болады.

2.1.2. Компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Кәсіпорында практикадан өтудің міндетті шарты – осы кәсіпорынның қауіпсіздік ережелерін білу болып табылады. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерімен келесідей:

...

Скачать:   txt (26 Kb)   pdf (612.5 Kb)   docx (581.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club