Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қысқаша көбейту формулалары

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Лекция  •  721 Слов (3 Страниц)  •  198 Просмотры

Страница 1 из 3

Қысқа мерзімді жоспар №2 сабақ

Ұзақ мерзімді жоспар  бөлімі:

Тригонометрия элементтері

Мектеп:

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қысқаша көбейту формулалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.10

a²-b²=(a-b)(a+b)

(a±b)²=a²±2ab+b²

қысқаша қөбейту формулаларын білу және қолдану;

7.2.1.11

a³-b³=(a-b)(a²±ab+b²),

(a±b)³=a³±3a²b+3ab²±b³

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Қысқаша көбейту формулаларын біледі;

Екі өрнектің қосындысын және айырмасын квадраттай алады;

Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығару барысында қолданады;

Бағалау критерийлері

•        Қысқаша көбейту формулаларын біледі;

•        Екі өрнектің қосындысын және айырмасын квадраттай алады;

•        Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығару барысында қолданады;

Құндылықтарға баулу

Пәнге қатысты лексика және терминология:

 Формула, қысқаша көбейту, көпмүше, ықшамдау, қосынды, квадрат, түрлендіру, көбейту, көбейткіш.

Диалогтар және жазу үшін керекті тіркестер:

-Қысқаша көбейту формуласы деп нені айтады?

-Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесі;

-Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы;

-Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесі;

-Екі өрнектің айырмасының квадратының формуласы;

-Қысқаша көбейту формулаларын дәлелдеңдер.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

6 мин.

Ұйымдастыру:

-Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.

Топқа бөлу:

Оқушылар бұрыш, радиан, градус деген сөздер жазылған түрлі түсті қима қағаздар таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады;

 Ітоп

ІІ топ

ІІІтоп

Топтар топ ережесін сақтайды , өз қалаулары бойынша топ ішінен топ басшы сайлайды,топ басшы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын қадағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. «Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде  белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» 

Түрлі түсті қима қағаздар

[pic 1]

Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.

5 мин.

“Бір минут” әдісі

Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең болса, формуласы қандай болады?

“Бір минут” әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсу.(Әр топтағы оқушылар тақырып бойынша кезегімен бір минут тоқтаусыз, қатесіз сөйлейді)

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрактарға жауап береді

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-Формулаларды жазып көрсетеді.

1-балл

-Қысқаша көбейту формуласының ережесін айтады.

1-балл

Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады

Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.  

ДК экраны;

Сұрақтар топтамасы;

Оқулық 7-сынып.

[pic 2][pic 3]

Сабақтың ортасы

10 мин.

 

Жеке жұмыс.

 

«Топтық әңгіме» әдісі

5.5 есеп

Есептеңдер:

1)101²=(100+1)²

2)31²

3)51²

4)39²

5)103²

Саралау:  Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын естеріне түсіреді. Түсінбеген есептерді бір-біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың есептерін алмасып тексереді.

Берілген есептер бойынша формулаларды жазып, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде есептерді формулаларға салып, есептерді шығарады.

Дескриптор:

-Есептерді шығару үшін формулаларды естеріне түсіріп жазады;

1-балл

-Есептерді толығымен шығарады; 

1-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.

ДК экраны;

7 сынып,

Алгебра

Шыныбеков

«Атамұра» 2017

Есептер

Жеке жұмыс.

10 мин.

5.6есеп

Екі мүшенің квадраты түрінде жазыңдар:

1)x²+2xy+y²

2)a²+2a+1

Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды

Дескриптор:

-Есептерді шығару үшін қысқаша көбейту формуласын тұжырымдайды;

2-балл

-Есептердің жауабын жазады.

3-балл

ДК экраны;

7-сынып оқулығы;

Шыныбеков

«Атамұра» 2017

Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

Төрт сөйлем әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды.

Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.

ДК экраны;

7-сынып оқулығы;

Шыныбеков

«Атамұра» 2017

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Қажеттілігіне қарай тапсырмалар беремін.

 Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

10 баллдык жүйе бойынша багалау

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу тұруына назар аудару.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (144.1 Kb)   docx (31.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club