Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дистрофиялар қысқаша

Автор:   •  Декабрь 18, 2018  •  Реферат  •  1,481 Слов (6 Страниц)  •  2,144 Просмотры

Страница 1 из 6

ДИСТРОФИЯ [pic 1]

 

Дистрофия дегеніміз - тін метаболизмі бұзылуынан құрылымдық өзгерістер  дамитын патологиялық үрдіс.

Этиологиясы:  1. Жасушаның өздігінен реттелуінің бұзылуы;

                             2. Тіндік тасымалдау жүйесінің бұзылыстары

                             3. Метабизм реттеуші жүйелер бұзылысы (экдокриндік)

Морфогенезі:

  1. Инфильтрация - қан және лимфа жүйесінен зат алмасу өнімдерінің  көптен тінге жиналуы немесе  ферметтер жеткіліксіздігінен тінде қордалануы.
  2. Декомпозиция (фанероз) - Жасуша/жасушааралық заттың ультрақұрылымдары ыдырауынан метаболизм бұзылып өзгерген заттар жиналуы.
  3. Трансформация - Белокты/майды/көмірсуды түзуге қатысатын өнімнен зат алмасуға тән белгілі бір өнім түрінің пайда болуы. Мысалы: май мен көмірсулар белокқа трансформациялануы.
  4. Бұрмаланған синтез - қалыпты жағдайда кездеспейтін өнімдің синтезделуі.

Классификациясы:

Тін зақымдау басымдығына қарай:     Паренхималық /   Мезенхималық  /    Аралас

Зат алмасу өнімдері басымдығына қарай:    Белокты /  Көмірмулы / Майлы  /  Минералды

Генетикалық факторға байланысты:   Тұқым қуалайтын /   Жүре пайда болған

Дистрофия ауқымына қарай:    Жалпы   /    жергілікті

 

ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯ

Паренхималық дистрофия кезінде жоғары қызмет артқаратын специализацияланған жасушалар зақымдалады. Мысалы: Бауыр/бүйрек/миокард жасушалары гепатоцит/нефроцит/кардиомиоцит.

ПД зат алм.өнімі бұзылысына қарай:  

  • Белокты
  • Көмірсулы
  • Майлы

 

Паренхималық белокты дистрофия (диспротеиноз)

   Белоктар мен липидтер байланысы бұзылғанда мембраналық құрылымдар бұзылады, ультрақұрылымдық бұзылыстар туындайды. Ақырында коагуляциялық немесе колликвациялық некроз дамуы мүмкін.          

Паренхималық диспротеиноздар түрлері:  

  • Гиалинді – тамшылы
  • Гидропиялы
  • Қасаңды
  1. Гиалинді – тамшылы – бұл дистрофия кезінде жасуша цитоплазмасында гиалин тәрізді ірі белоктық тамшылар пайда болады, ультрақұрылымдар бұзылады. Көбіне бүйректе – жиі, бауырда – сирек, миокардта – өте сирек кездеседі.

ДАМУ МЕХАНИЗМДЕРІ: ИНФИЛЬТРАЦИЯ, ДЕКОМПОЗИЦИЯ.

ЭТИОЛОГИЯСЫ: ИНФЕКЦИЯ, ГИПОКСИЯ, ИНТОКСИКАЦИЯ

Бүйректе

Макроскопиялық бейнесі:  дамытқан ауруға тән.

Микроскопиялық бейнесі:  нефроциттерден гиалин тамшылары табылады. Ультрақұрылымдары қираған. Цитоплазмада вакуольдер түзіледі.

Бауырда

Макроскопиялық бейнесі:  дамытқан ауруға/себепке тән.

Микроскопиялық бейнесі:  цитоплазмасында алкогольдік гиалин деп аталатын гиалин тәрізді белоктық денешіктер «Маллори денешіктері» түзіледі.

АҚЫРЫ:  қолайсыз, қайтымсыз- НЕКРОЗ; кейде жасушаны жойып жібереді.

  1. Гидропиялы дистрофия – цитоплазмада сұйықтық толы вакуольдер жиналады.

Макроскопиялық өзгерістер-көрінбейді.

Микроскопиялық өзгерістер-Цитоплазманы сулы вакуольдер жайлайды,ісінеді, ядро ығысып, көпіршіктенеді. Басқаша баллонды дистроыия деп атайды. Фокал колликвациялық некроз дамиды.

ДАМУ МЕХАНИЗМІ: күрделі. Электролиттер мен белоктар алмасуы бұзылып, осмостық қысым күшейді де, гидролиздік ферменттер белсінділігі артып, су молекулаларын өздеріне тартады.

ЭТИОЛОГИЯСЫ:

Бүйректе гломеруларлық сүзгі зақымдалғандықтан, сүзгілік әрекетт үдеп, фермент жүйесінің жеткіліксізідігі туып – ферментопатия, гидропиялы дистрофия орын алады.

...

Скачать:   txt (23.8 Kb)   pdf (181.3 Kb)   docx (26.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club