Қолданыстағы Пифагор теоремасы
Автор: Mooldir95 • Январь 4, 2019 • Реферат • 6,284 Слов (26 Страниц) • 1,486 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ[pic 1]
Ғылыми жоба
[pic 2]
Бағыты: «Жаратылыстану ғылымдары»
Секциясы: Математика
Орындаған :
Жетекшісі:
Жұмыстың орындалу уақыты:
2018 жыл
МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ .................................................................................................... | 3 | |
КІРІСПЕ ............................................................................................................. | 4 | |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ............................................................................................... | 7 | |
I тарау. Пифагор өмірі сыр шертеді ....................................................... | 7 | |
II тарау. Теореманың тарихы ................................................................ | 11 | |
IІІ тарау. Пифагор теоремасын дәлелдеу .............................................. | 15 | |
IV тарау. Қолданыстағы Пифагор теоремасы ....................................... | 20 | |
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................. | 25 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................. | 27 |
Аннотация
Математика пәніде «Қолданыстағы Пифагор теоремасы» тақырыбы ерекше орын алады. Қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерінен үзінділерді оқушыларға таныстыру, олардың шығарылу жолдарымен таныстыру оқушылардың логикалық білімі мен дағдысын қалыптастыруға көмек береді.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Осыған орай ғылыми техникалық прогрессия дамыған уақытта компьютер көмегімен есепті шешу технологиясының ерекшеліктері туралы сөз қозғамақпыз. Келешектің кез келген маманы компьютерді өз жұмысында тиімді пайдаланғысы келсе, онда ол өз саласы бойынша алға қойылатын проблемаларды тұжырымдай алуы тиіс.
Біз «Қолданыстағы Пифагор теоремасы» тақырыбын математика пәнінде қолданудың жолдары мен мазмұны туралы ой бөлісеміз. Қазіргі таңда, әдеттегідей, оқушылар үшін мектептегі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарындағы күрделілігі жоғары деңгейдегі есептер арасында елеулі орын алып отырған тарихи есептерді шығару біршама қиындықтар тудырады.
Біз қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерін, олардың шешу жолдарын анықтаймыз. Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептері ауыз әдебиетінде де, математикада да жинақталып, бір жүйеге түсірілмеген. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Мұнда байырға есептерді үш топқа бөліа қарастырған. Атап айтсақ, «Алтын қазына», «Ертегілер елінде» және «Теңдеу құрып шығаруға арналған есептер». Берілген жұмыста әр бөлімге сипаттама беріліп, есептер жүйесінің шешу жолдары көрсетілген.
Бұл жұмыста білім алушы қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептеріне және олардың шешу жолдарына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қолданыстағы Пифагор теоремасының шығу тарихына аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, оларға сипаттама берген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.
...