Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оң сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар

Автор:   •  Октябрь 20, 2021  •  Реферат  •  708 Слов (3 Страниц)  •  700 Просмотры

Страница 1 из 3

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Оң сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар

Оқыту мақсаты:

6.1.1.6 - бүтін сан ұғымын меңгеру; 

6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;

6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру:

6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу.

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.

Бағалау критерийі:

Оқушы:

  • рационал сандардың ішкі жиындары натурал, бүтін сандарды біледі;
  • Эйлер-Венн диаграммасында рационал сандардың ішкі жиындарын белгілей алады.

Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Бүтін сандар дегеніміз натурал сандар, теріс сандар және ноль санының жиынын айтады. Белгіленуі: Z = {…,-n, …,-2,-1,0,1, 2,…, n, …}.
  • қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал сандар жиынын құрайды. Мұндағы . Белгіленуі:Q[pic 1][pic 2]

Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

  1. Топқа бөлу. 

Оқушыларға екі таңбалы сандар таратылады, осы сандардың цифрларына байланысты заңдылықты анықтап, топтасу ұсынылады. Заңдылық: соңғы цифрлары бірдей оқушылар бірге жұптасады. Мысалы: 45;  35;  55;  95;  65;  15 немесе 19;  59;  49;  29;  39;  69  т.б

Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

1-тапсырма.

 Оқушыларды қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінуге жетелеу.

Тапсырма 1.

Оқушыларға бірнеше сандар жазылған тізбекті таратып, оларды қандай да бір заңдылықтар бойынша екі топқа бөлуді ұсынылады:

[pic 3]

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Мысалы: берілген сандарды оң және теріс сандар деп екіге бөлуге болады.

Басқаша қалай топтастыруға болады? Оқушылар өз ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсету кезінде «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, оқушыларды көтермелей отырып, бүтін сандар мен бөдшек сандар болып екіге бөлінуге жетелеу.

І) [pic 4] - бүтін сандар

ІІ) [pic 5] - рационал сандар

2-тапсырма. 

Бұл тапсырма оқушылардың шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану оқу мақсатын меңгертуге бағытталған.

Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз;

Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз;

Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз;

Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз;

Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз

В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз;

Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз.

[pic 6]

Жауабы:

А) -4; -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6 (10 бүтін сан)

Б) Ең үлкен оң бүтін сан: 6

     Ең кіші оң бүтін сан:1

     Ең үлкен теріс бүтін сан:-1

     Ең кіші теріс бүтін сан:

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (953.5 Kb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club