Математика және спорт
Автор: zhanatovbs • Апрель 1, 2019 • Творческая работа • 867 Слов (4 Страниц) • 829 Просмотры
Тақырыбы: «Математика және спорт» сайысы
Мақсаты: математика мен спортты байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сайыстың өткізілуі: Спорт мұғаліміне рапорт беруі.
Жүргізуші:
Қайырлы күн көрермен!
Құрметті ұстаздар, оқушылар,
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Жас өркенде қанат жайып кемелден.
Құрметті оқушылар, ұстаздар математика пәні бойынша қазіргі апта сайын теледидардан өткізіліп жүрген интеллектуалдық танымдық бағдарламасы негізінде «Математика және спорт» атты сайысты өз ортамызда өткізгелі отырмыз.
Әділқазылар алқасын сайлау.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт — дей отырып сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.
1 – команда: 5 «А» сынып
2 – команда: 5 «Ә» сынып
3 - команда 5 "б" сынып
Жүргізүші: Ал, балалар енді ойынымыздың бірінші
турын бастаймыз.
І тур.Ауадағы есептер:
Скакалкамен секіріп барады. есепті алып келіп өз тобымын бірге шығару керек.
топқа:
1.Бес тоғызды пайдаланып амалдарды қолданып 10 санын жаз.
Жауабы: 9+99/99=10 , 99/9-9/9=10
2.6 санын тек қана 3 рет пайдаланып амалдар қолдана отырып 30 санын өрнекте.
Жауабы: 6*6-6=30
Жүргізуші: «Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос соға берме
Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп сұрақ – жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласын бар жеңіске» - дей келе ІІ турымызды бастаймыз.
ІІ тур: Дене жаттығулары:
Түсіндірме: Мен бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық фигураны жасайсыздар. Мысалы: түзу десек, Сіздер біріңнен кейін бірің тұра қалып, түзу боласыңдар:
Екі топ сайысады. Кім бірінші болады, әділ қазылар алқасы анықтайды.
1. Шаршы болыңыздар
2. Тік төртбұрыш
3. Үшбұрыш
4. Шеңбер
5. Параллель түзу
6. Түзу
7. Бұрыш
Жүргізуші: «2030 – дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі мұны әркім біледі
Сондықтан достар-ау дарынды қайрайық
Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді» – дей отырып, ІІІ кезеңімізді бастаймыз.
ІІІ тур. «Белбеу»
Шарты: команда мүшелері бір белбеудің ішінде тұрып тапсырма столына жету керек. Тапсырма алып оны орындау керек. (Логикалық есептер)
1.Торда 12 тотықұс отыр.Оның 11 – нен басқасы ұшып кетті. Торда неше тотықұс қалды? Жауабы: 12 тотықұс бар, себебі тордан шыға алмайды
2. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?Жауабы: 100 саусақ
3. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
4. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
5. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
3. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
4. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
5. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
...