Электронды кестеде есептеу. Шартты функция
Автор: oseraru • Март 2, 2022 • Задача • 441 Слов (2 Страниц) • 248 Просмотры
№ 3 зертханалық жұмыс
Электронды кестеде есептеу. Шартты функция.
Жұмыстың мақсаты:
Шартты функцияны пайдаланып есептеулер жүргізуді үйрену.
Тапсырмалар:
3.1 Емтихан ведомосін құру. Студенттер үш пән бойынша емтихан тапсырады. Әр студенттің орташа баллын есептеңіз: ЕСЛИ орташа баллы >=4,5 болса, онда стипендияның мөлшері 30% өседі.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1.Excel-ді жүктеп, төмендегі кестені толтырыңыз
Емтихан ведомосі, 5В070300 –АЖ | |||||||||
17-03 | Пән: АКТ | ||||||||
Р/с | Аты-жөні | Сынақ кітапшасының номірі | Баға | Емтихан алушы | 5 | 4 | 3 | 2 | келмеген |
Ашимжанов Қайнар | 05-703-17-03 | 5 | Джумагалиева А.М | ||||||
2. | Ахметов С. | 05-704-17-08 | 4 |
Өз тобыңыздың студенттерімен мәліметтер енгізіңіз, 12 қатарға дейін толтырыңыз. Содан соң формулаларды енгізіміз.
F5 ұяшығына =ЕСЛИ (D5=5;1;0)
G5 ұяшығына =ЕСЛИ (D5=4;1;0)
H5 ұяшығына =ЕСЛИ (D5=3;1;0)
I5 ұяшығына =ЕСЛИ (D5=2;1;0)
J5 ұяшығына=ЕСЛИ (D5= «келмеген»;1;0)
F6:F12, G6:G12, H6:H12, I6:I12, J6:J12 ұяшықтарды толтыру маркер (+) көмегімен толтырыңыз.
A13 ұяшығына ӨТЕ ЖАҚСЫ, А14 ұяшығына ЖАҚСЫ, А15 ұяшығына Қанағаттанарлық, А16 ұяшығына ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС, А17 ұяшығына КЕЛМЕГЕН, А18 ұяшығына БАРЛЫҒЫ.
Формулаларды енгізіңіз:
С13 ұяшығына =СУММ(F5:F12) C16 ұяшығына =СУММ(I5:I12)
C14 ұяшығына =СУМM(G5:G12) C17 ұяшығына =СУММ(J5:J12)
С15 ұяшығына =СУММ (H5:H12) C18 ұяшығына = СУММ (C13:C17)
Жұмыс істеп жатқан парақты (бетті) АКТ деп атаңыз.
2. Химия пәні бойынша Емтихан ведомосін құру үшін, АКТ парағын (бет) көшірмесін жасаңыз. Ол үшін А1:J18 ұяшықтар блогын белгілеп, Жанама мәзірдегі Көшіру (Копировать) командасын тандаңыз. Жаңа параққа ауысыңыз, А1 ұяшығында тышқанның оң жағын шертіп Кірістіру(Вставить) командасын таңдаңыз.
Осы парақта Пәннің атын, Баға және Емтихан алушы бағаналарының мәтіндерін өзгертіп, парақ атын ХИМИЯ деп өзгертіңіз
Осы әдіспен МАТЕМАТИКА парағын құрыңыз.
Сіздің жұмыс кітабыңыз үш парақтан тұруы тиіс: АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ХИМИЯ, МАТЕМАТИКА.
3. Жаңа парақта келесі кестені құрыңыз:
Стипендия | ||||
Р/с | Аты-жөні | Орташа балл | Стипендия | 20500 |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 |
Белсенді парақты Стипендия деп атаңыз. АКТ парағынан студенттердің аты-жөндерін көшіріп енгізіңіз. Информатика парағына ауысыңыз.
В5:В12 диапазоның белгілеп, тышқанның оң жағын шертіп Көшіру (Копировать) командасын таңдаңыз. Стипендия парағына ауысыңыз.
...