Отчет по практике в «Қазақтелеком» АҚ
Автор: данияр рахимжанов • Февраль 15, 2022 • Отчет по практике • 1,728 Слов (7 Страниц) • 850 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Жүйелік талдау және басқару кафедрасы
Кафедрадан практика жетекшісі
Садвакасова А.У.
«_____»______________2021 ж.
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША
ЕСЕП БЕРУ
«5В070200» – Автоматтандыру және басқару мамандығының
студенті
Рахимжанов Данияр
Практика өту орны: «Қазақтелеком» АҚ
Адресі: ВКО, Өскемен қаласы
Практика өту уақыты: «24» мамыр 2021 ж. мен «12» маусым 2021 ж. аралығы
Практика қорғау бағасы:_______ «____»_________2021ж.
Нұр-Сұлтан – 2021
Мазмұны:
Кіріспе
1.1 Компания туралы ақпарат
1.2 «Қазақтелеком» АО-ның ұйымдық құрылымы
1.3 Жұмыс орнының қауіпсіздігі
1.4 Тәжірибе барысында орындалған жұмыстардың сипаттамасы және «Қазақтелеком» АО-да қолданылатын құжаттама мен дереккөздердің тізімі
2 Теориялық бөлім
2.1 PON технологиясы. PON архитектурасы және салыстыру
2.2 PON технологиясының негізгі артықшылықтары
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған дерек көздерінің тізімі
Кіріспе
Өндірістік практика – студенттің болашақ мамандығы негізінде практикалық дағдыларды меңгеру, мекемедегі жұмыс барысымен толығымен танысу, кәсіби және ұйымдастырушылық тәжірибе алу. Студенттің кәсіби іс-тәжірибесі, ол студенттің теориялық білімін тереңдетіп, тұрақтандыруға, болашақ мамандығы бойынша тәжірибе жинауға, алған тәжірибесін баспасөз орталықтарында өз жұмысына қолдана білуге көмектеседі.
Мен, АБ-39/7 тобының студенті Рахимжанов Данияр өндірістік тәжірибені 14 күн «Казактелеком»АО мекемесінде өткіздім. Өндірістік тәжірибенің өту аралығы 28.05-12.06.2021 болды. Өндірістік тәжірибеден өтудегі негізгі мақсатым тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу болды. Сонымен бірге, қазіргі таңдағы жаңа технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Мақсатым: Негізгі алған теориялық білімімді мекемеде практикалық түрде шыңдау. Студенттік еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбекті қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орынату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу.
1.1 компания туралы мәліметтер
"Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясы "Қазақтелеком "Ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес Мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен телекоммуникация ұйымдарының мүлкін республиканың бүкіл аумағында байланыс қызметтерінің кең ауқымын ұсынатын ұлттық ауқымдағы құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру арқылы құрылды.
...