Отчет по практике в «Қазақтелеком» АҚ
Автор: 12121212125 • Июнь 7, 2023 • Отчет по практике • 2,483 Слов (10 Страниц) • 179 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі» мекемесі
Кәсіптік технологиялық практиканың
бағдарламаларын орындау туралы
ЕСЕП
Оқу нысаны күндізгі / Курс 3 / Топ 302
Мамандық 1306000 - Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)[pic 1]
Біліктілік 130609 3 – Байланыс технигі[pic 2]
Студент Мәлік Милана Ерболатқызы[pic 3]
(тегі, аты, әкесінің аты)
Практика мерзімі: 2019 жылдың 08 қаңтарынан 20 ақпанына дейін [pic 4]
Практика базасы: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Оңтүстік өңірлік [pic 5]
телекоммуникация дирекциясы[pic 6]
(кәсіпорын (ұйым) атауы)
Есепті тапсыру күні: ____ ________20 ____ жыл
Қорғауға жіберілген күні: ____ ________ 20 ____жыл
Бағасы: ______________________________
(сандық және жазбаша)
Кәсіптік технологиялық практика жетекшісі
Бексултанова Куралай Билдебаевна
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) [pic 7][pic 8]
Алматы 2019
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
Кәсіпорын (ұйым) туралы негізгі мәліметтер | 4 | |
2. | Студенттердің кәсіпорында (ұйымда) орындаған жұмыс түрлері және практика барысында меңгерген дағдылары | 7 |
Қорытынды | 11 | |
Қолданылған дерек көздері | 12 | |
Кіріспе
Мен кәсіптік технологиялық практикамды Жамбыл облысы, Меркі ауданы Исмаилова көшесі, №228 мекемеде орналасқан «Қазақтелеком» АҚ филиалы Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясында өттім.
«Қазақтелеком» АҚ - Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компаниясы, ұлттық байланыс операторы мәртебесіне ие.
«Қазақтелеком» АҚ - қазіргі уақытта Қазақстанның тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желісі болып табылады.
«Қазақтелеком» АҚ бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады, телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу мен ауылдарды телефондандыру, сондай-ақ Интернет желісіне кеңжолақты қосылуды дамытумен айналысады.
Практикалық дағды кез-келген маманның кәсіби қызметінде маңызды рольге ие. Неғұрлым теориялық білімді практикада қолданудың жоғарғы тәжірибесі болса қызметкер жұмысы соғұрлым тиімді болады.
Кәсіптік технологиялық практика мақсаты - «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық саясатымен, компания миссиясымен, ұйымдастыру құрылымымен, филиалдармен байланысу деректерімен танысу.
Кәсіптік технологиялық практика уақытында оқу кезінде алған білімімді бекітіп, еңбекті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерімен, сонымен қатар компанияның өзіне тән бағдарламалық, желілік, байланысу ақпараттарымен танысып, солармен жұмыс жасадым.
...