Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі

Автор:   •  Сентябрь 12, 2021  •  Реферат  •  1,317 Слов (6 Страниц)  •  1,186 Просмотры

Страница 1 из 6

1.     Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі

 

Жоспар:

1.     АКТ пәні және оның мақсаты;

2.     Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі;

3.     АКТ мен тұрақты даму.

 

АКТ пәні және оның мақсаты

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

 АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу үрдістері мен әдістері.

Ақпараттық-коммуникациялық технология – ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология.

АКТ әртүрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады.

Е.Ы. Бидайбеков «Ақпараттық - коммуникациялық технология дегеніміз – технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы» деген пікір білдіреді.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде АКТ – ны пайдалану өте тиімді және өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.

АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Бұл технологияны пайдалануның негізгі мақсаттары:

  ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу жұмысына жаңашылдық енгізу;

  білім алушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау;

Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу:

     ұқыптылыққа;

     нақтылыққа;

     берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына;

     басты мәселеге назар аудара білуге;

     өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға; дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

АКТ-ның маңызды заманауи құрылғылары:

     қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер;

     ішіне қажетті ақпараттар енгізілген коммуникация құралдары.

Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін АКТ-ның негізгі құралы – ол қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен, сондай-ақ, аспаптық құралдармен жабдықталған дербес компьютер.

Заманауи қоғамда:

     мәтіндік процессорлар;

     презентациялар;

     электрондық кестелер;

     графикалық пакеттер;

     мәліметтер қоры және т.с.с. әмбебап қолданбалы бағдарламалар мен АКТ құралдары кеңінен қолданылады.

Ғаламдық компьютерлік желі көмегімен қас-қағым сәтте әлемдегі ақпараттық ресурстарға:

     электрондық кітапханаларға;

     файлды сақтау қорларына;

     мәліметтер қорларына және т.б. жетуге болады.

Желі басқа да кеңінен таралған АКТ-ны қолдану мүмкіндігін береді, оларға жаңалықтар тобы, электрондық пошта, чаттар, тізімдер, таратылымдар жатады.

Онлайн (нақты уақыт режимінде) хабар алысу:

     cеанс орнатылғаннан кейін мәтінді, дыбысты, бейнені және әр түрлі файлдарды жіберу;

     әр жерде орналасқан қолданушылар компьютерімен біріккен байланыс орнату, аудио және бейне конференция ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (89.1 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club