Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электрофизиологиялық сигналдарды өңдеу әдістері

Автор:   •  Ноябрь 25, 2018  •  Реферат  •  1,137 Слов (5 Страниц)  •  1,033 Просмотры

Страница 1 из 5

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

Медбиофизика және информатика кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: Электрофизиологиялық сигналдарды өңдеу әдістері

Орындаған:Сарканова М.Д.

127 ЖМФ

Тексерген: Буланова Р.К.

Семей 2017 жыл

Жоспары:

 Кіріспе

 Негізгі бөлім

1.Электрофизиология

2.Биопотенциалдарды тіркеу әдістері

3.Электрокардиографтың блок-схемасы

4.Электродтарды орналастыру реті

5. Электроэнцефалография(ЭЭГ)

6. Электромиография (ЭМГ)

 Қорытынды

 Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта клиникалық, профилактикалық және экспериментальды медицинаның бірде бір саласы электронды медициналық жабдықтарсыз қарқынды түрде дами алмайды. Зерттеу және басқарудың аспаптық әдістері ғарыштық және су асты физиологиясында, спорттық және экстремальды медицинада, хирургиялық операциялардың күрделі түрлерінде қолданылады.

Түрлі диагностикалық әдістердің тиімділігін салыстыру көрсеткендей, организмнің ішкі органдары мен физиологиялық жүйелерінің жұмыс істеуі туралы ең пайдалы ақпарат терінің астында немесе дене бетіндегі әр түрлі учаскелерден алынған биоэлектрлік сигналдарда бар. Ең алдымен,бұл жүректің электрлік белсенділігіне, мидың электр өрісіне,бұлшық еттің электрлік потенциалына қатысты.Дәл осы электрофизиологиялық процестер диагностикалық мақсатта анализдің нақты тапсырмаларын шешуге арналған электрондық жабдықты жасауды және ерекше назарды талап етеді.

Электрофизиологиялық диагностика әдістерінің арасында электрокардиограмманы өлшеу және өңдеу ерекше орын алады. Бұл электрокардиограмма жүрек-қан тамырлары ауруларын профилактикалық және терапевтік бақылауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіш болып табылады.Электрофизиологиялық диагностика әдістерінің дамуы дәстүрлі әдістерді жетілдіруді, жаңа зерттеу әдістерін құруды және диагностиканы іске асыру үшін электрондық құрылғыларды талап етеді.

Электрофизиологиялық сигналдарды өңдеу әдістері

Электрофизиология – тірі организмдегі физикалық құбылыстар мен электр тогының денеге әсерін зерттейтін физиологияның бір саласы. Электрофизиологиялық әдістер әртүрлі органдардың күйін диагностикалау, ауруларды емдеу кезінде клиникалық практикаға тереңінен еніп кетті.Электрофизиология жасушалардың, тіндердің және мүшелердің табиғатын, мүмкін физиологиялық маңызын түсіндіру үшін олардың өмірлік белсенділігінің электр көрінісін зерттейді.Адам ағзасындағы әр мүшелерден шығатын биоэлектрлік сигналдарға байланысты диагностикалау әдістерінің көптеген түрі бар.

Дененің бетінде туындайтын биопотенциалдардың тіркелуі үздіксіз және бірнеше рет, ағзаға зиянды әсерсіз жүре алады. Биоэлектрлік зерттеулер әдістерінің дамуында осы ерекшеліктер үлкен рөл атқарды.

Биопотенциалдарды тіркеу әдістері

 Тірі жасушаларда, мүшелерде және адам мен жануарлар ұлпаларында пайда болатын электр потенциалдарды - биопотенциалдар деп атайды. Биоэлектрлік потенциалдар ағзада жүретін нәзік үрдістерді көрсетіп береді. Сондықтан зерттелетін мүшелер мен жүйелердегі кез келген патологиялық және қызметтік өзгерістер олардың параметрлері мен формаларында көрініс табады. Бұл өзгерістер тіршілік үрдістерін қарастырғанда, диагностикада, емдеумен аурудың алдын-алуда адамның жұмыс қабілетін және

...

Скачать:   txt (19.2 Kb)   pdf (142.8 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club