Адалдық сағаты
Автор: Bibisarasara • Февраль 9, 2024 • Контрольная работа • 1,457 Слов (6 Страниц) • 92 Просмотры
ЖШС «М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі»
[pic 1]
Бекітілді:
Директордың тәрбие жөніндегі
Орынбасары ______________
Сарсенбаева А. О.
«8» қырқүйек 2023 ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Адалдық сағаты»
Дайындаған: 9Р-АТУ-23-1к тобының кураторы Әбдіғаниева М.А
Астана-2023
Тақырыбы:Адалдық сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты:
Студенттерге адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Студенттерге адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
2. Студенттерге адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
3. Студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ! Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен. Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Сұрақтар: Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? Сендердің де адал достарың бар ма? Сенің адалдыққа деген сенімін қандай? «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер? «Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен? Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық.
...