Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экскурсия

Автор:   •  Июнь 3, 2023  •  Лекция  •  467 Слов (2 Страниц)  •  390 Просмотры

Страница 1 из 2

Экскурсия латын тілінен аударғанда сапар деген мағынаны білдіреді. Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 топқа бөлінеді.

1.Шолу экскурсиялар

2.Тақырыптық экскурсиялар

Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Ол бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи, өндірістік, өнерге байланысты, әдебиет экскурсиялары. Осының ішінде тарихи экскурстялар да бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи-өлкетану, археологиялық, этнографиялық, тарихи-өмірбаяндық,тарихи мұражайларға бару,тарихи шайқастар болған жерлерге бару. Өндірістік экскурсиялар: өндірістік, экономикалық өндірістік, техникалық кәсіптік. Өнерге байланысты экскурсиялар: тарихи-театралдық, тарихи-музыкалық, халықтың қол өнері, көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру. Әдебиет экскурсиялары: әдеби-өмірбаяндық, тарихи-әдебиеттік, көркем-әдебиеттік. Қаты сушылар құрамына, санына қарай: жеке, жергілікті халық үшін, шетелдік туристер үшін, ересек адамдар үшін, мектеп оқушыларына.

Өткізген орнынан қарай: қалалық, қала маңы, өндірістік, мұражайлық, комплексті болып табылады.

Экскурсия сөзі - ғылыми сапар, білім беру, танымдық және мәдени-ағарту демалу мақсаттарынада белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын сапар немесе жорық болып табылады. Мұражайлар мен тарихи орындарды, тарихи шайқастар болған орындарды гидтің көмегімен танып білеміз.

 2.Тарихи және әдеби тақырыпқа байланысты экскурсияны ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Жалпы, тарих және әдебиет салалары бір бірімен өте тығыз байланысты болып табылады. Тарихи экскурсия өз мағынасы бойынша тарихи аймақтық, археологиялық және этнографиялық болып табылады. Әдеби экскурсияларды былай топтау керек: Әдеби-биографиялық, көркем әдебиет, тарихи-әдеби болып табылады. Әдеби-биографиялық экскурсия дегеніміз - жазушының өмірі мен шығармашылық жұмыстарына байланысты орындар, көркем әдеби - ақын-жазушылардың жазба шығарма жұмыстарын тапқан орындар, тарихи-әдеби - қазақ және совет әдебиетінің дамуы берілген аймақтарда. тарихи және әдеби экскурсияларды өткізу үшін ең алдымен экскурсияның мақсат міндеттері айқындалады. Әрбір экскурсия танымды ақпаратты және табысты болуы үшін гид-экскурсоводтың үлкен еңбегін қажет етеді. Бұл ретте гидтің экскурсияға дайындығы жақсы болуы керек. Гид тарих пен әдебиетке қатысты мәселелерді анық әрі нақты айтуы шарт. Оған ұзақ дайындық пен күш-жігер қажет. Экскурсанттарды танытстыралытн аумақтың тарихымен және осы жерде туылып өскен ақын жазушылар әдебиеттерімне шығармашылығымен таныстыруы қажет. Экскурсияның тақырыптары нақтылануы қажет. Экскурсияға қажетті  ақпараттарды таңдап алу қажет. Экскурсиялық объектілерді таңдап алу қажет. Тарихи экскурсиялар кезінде объектілер келесі түрлерге бөлінеді: тарихи, табиғи, археологиялық, архитектуралық, мәдени, құжаттық.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (43.1 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club