Отчет по практике в «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ
Автор: saida423 • Июнь 20, 2023 • Отчет по практике • 3,904 Слов (16 Страниц) • 190 Просмотры
«ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«Экономика және сервис» факультеті
«Туризм және сервис» кафедрасы
___ курс студенті 6B11129 «Халықаралық туризм» мамандығы
бойынша дипломалды тәжірибе туралы
ЕСЕП
Тегі _______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________________
Тәжірибе өтетін орны _________________________________________
Тәжірибе мерзімі «__» ____________2023 ж. «__» _____________2023ж. дейін
Ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің лауазымы
_________________________________________________
(қолы)
Университеттен тәжірибе жетекшісінің лауазымы
_________________________________________________
(қолы)
__________ |
(баға) |
Астана, 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТУРИСТІК ЖАҒДАЙЫ МЕН ӘЛЕУЕТІ ЖӨНІНДЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туризм саласының дамуындағы қазіргі жағдайды талдау 5
1.2 Қазақстан Республикасының туристік стастистикасы мен сараптамасы 6
2 «KAZAKH TOURISM» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ 8
2.1 «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ сипаттамасы 8
2.2 «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ бірлесе атқарған жобалар, Қазақстанның туристік бренді 10
2.3 «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ 2017-2022 жылдар аралығында жеткен жетістіктері 11
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16
КІРІСПЕ
Туризмнің көп салалығы туризмнің дүниежүзілік экономиканың бір бөлігі, ұлттық экономиканың бір саласы, мемлекеттік саясаттың бағыты, кәсіпкерлік қызмет,ойын-сауық, мәдениетаралық қарым-қатынас және саяхат арқылы әлемді тану тәсілі екендігінде байқалады. Туризм саласы Қазақстан экономикасы үшін де, жалпы әлемдік экономика үшін де маңызды бағыт болып табылады.
Қазіргі уақытта түрлі мекемелер мен компаниялар Қазақстанның және жекелеген өңірлердің туристік әлеуетін насихаттау бойынша жұмыс атқарады. Алайда, туризм саласын жылжыту көп жағдайларда стратегиясыз және біртұтас үйлестірусіз өтеді. Бұл ілгерілетудің тиімділігіне теріс әсер етеді. Осыған байланысты жұмыстың тиімділігін арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін барлық өңірлер мен орталық органдардың қызметін үйлестіру қажет.
Қазақстанның туризмі әлемнің көптеген елдеріндегідей қарқынды дамып, маңызы артып келеді. Қазақстандықтардың шетелге шығуы мен керісінше, шетелдік туристердің Қазақстанға келуі жыл сайын көбеюде. Қазақстан Республикасының туристік нарығының дамуына инфрақұрылым, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуі, экономикалық, саяси тұрақтылық, қызмет көрсету сапасының деңгейінің жоғарылауы әсер етеді.
Зерттеудің өзектілігі - туризм үлкен әрі тез дамушы секторлар қатарына жатады және басқа секторлармен салыстырғанда екі есе жылдам өсіп келетін сала. Инвестиция тиімділігі жағынан туризмді мұнай саласымен салыстыруға болады. Туризм дүниежүзіндегі жалпы өнімнің шамамен 10% , әлемдік қызмет экспортының 30%, жұмыспен қамтудың 10%, жаһандық инвестицияның 7% және жалпы салық түсімдерінің 5% құрайды.
Ішкі туризм экономиканың ұтқырлығы тұрғысынан да, жалпы туристік секторды дамыту тұрғысынан да маңызды элемент болып табылады. Бүгінгі таңда туризмді дамыту экономикалық табыстарды арттырудың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Ішкі туризмді дамыту үшін әлеуетті тұтынушыларды тарту керек. Сол себепті, адамдардың сұранысын, қалауын, туындауы мүмкін мәселелерді алдын ала ойлап, оның шешімін табу маңызды.
...