Теміржол магистралі
Автор: rozita08 • Февраль 21, 2019 • Лекция • 398 Слов (2 Страниц) • 991 Просмотры
Теміржол магистралі жай даңғыл, күре жол емес, ол күрделі де аса ірі техникалық құрылым. Оның үстімен пойыздар өтіп әрдайым таптап отырады. Динамикалық салмақ үнемі үстінен соққылай берген соң оның жер төсемін нығыздап, техникалық күйін әлсіретіп, бұрандамаларын босатады, шпалдарын жаншады, кейде рельстерін сындырады. Сол себепті сүрлеуді тоздырмаудың амалы бұзылған, әлсіреген нүктелерін уақтылы түзетіп, оларды дер кезінде бүтіндеп отыру. Бұл жалпы теміржол еңбеккерлерінің күн тәртібінен түспейтін мәселесі. (Бір ескеретіні «путь» сөзін біз «сүрлеу» деп қазақшаладық.)
Қазіргі, 21 ғасыр пойыздар шапшандығы мемлекет имиджіне айналған дәуір. Дамыған елдер жолаушы пойыздары бір 1 сағатта 300 км, одан да жылдам аралықта өтіп жүр. «Бәсекелестікке қабілетті 50 ел қатарына қосыламыз» десек біздің де пойыздар жылдам жүруі тиіс. Сол үшін магистральді жол күйін шапшаң жүріске лайық ету, сүрлеудің үстіңгі құрылымын еселеп күшейтіп жаңғырта беру басты міндет болып саналады.
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ та магистральды жол күйін жақсарту үшін 2006 жылы 63 млн долларға механикаландырылған ірі жол машиналары сатып алынды. Одан өзге де кешенді құрылғылар мен қондырғыларға, жаңа үлгідегі вагондар мен локомотивтерге тапсырыс беріліп жатыр.
2015 жылға дейін Қазақстан Европа мен Қытай, Қиыр шығыс елдері аралығындағы өзінің транзиттік қабілетін күшейте түспек. Логистикалық орталықтар ашылып, көліктік геостратегиялық ресурстарды іске асырмақ. Сары-Арқа төсімен Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу аралығына пойыздар жүретін бо-лады. Ералы стансасынан көрші ел Түрікменстан шекарасына қарай 190 км теміржол үзігі салынады. Ол Иранға, одан әрі Түркияға,
...