Жиілікті түрлендіргіш – асинхронды қозғалтқыш
Автор: Bekabat22 • Октябрь 17, 2023 • Реферат • 401 Слов (2 Страниц) • 171 Просмотры
Қазіргі кезде өнеркәсіптің түрлі салаларында асинхронды қозғалтқыштан тұратын айнымалы токты электр жетегі кең қолданылады. Бұл қозғалтқыштар техникалық жағынан қарапайым және пайдалануда сенімді, жоғары жылдамдықта және температурада жұмыс істей алады, салмағы, өлшемдері мен құны төмен болады. Сонымен қатар басқарылатын кернеу мен жиілікті түрлендіргіштері кең көлемде құрылуының салдарынан асинхронды электр жетектерінің реттеу жүйелері және мүмкіндіктері жоғарылауда.
Асинхронды қозғалтқыш статорындағы кернеудің өзгеруі оның электр магнитті моментінің өзгеруіне әкеледі, нәтижесінде қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығы да өзгереді. Осыған сәйкес қозғалтқыштағы кернеудің жиілігі желідегі стандарттық 50Гц жиілікке тең болады және тұрақты. Қазіргі кезде асинхронды қозғалтқыш статорындағы кернеуді реттеу үшін тез әсерлі және ПӘК жоғары болатын кернеуді тиристормен реттеу (КТР) әдісі де кең қолданылады. Бірақта, «КТР-АҚ» ажыратылған жүйесінде жылдамдықты осы әдіспен реттеу тиімділігі қозғалтқыштың тұрақты жұмыс режимдерінде өте аз аралықта орындалатындықтан шектелген. Осыған байланысты әртүрлі кері байланыстарда, асинхронды қозғалтқыш статорындағы токқа, жылдамдыққа және кернеуге байланысты техникалық талаптарға сәйкес, жиілікті басқаруды қолдану тиімді. Асинхронды қозғалтқышты жылдамдық бойынша реттеу аралығын кеңейтуді жылдамдық арқылы теріс кері байланысты енгізумен орындауға болады.
Жылдамдық бойынша кері байланыстан тұратын «ЖТ – АҚ» жүйесінің құрылымдық сұлбасы 1.1 суретте көрсетілген.
Жылдамдық бойынша кері байланыстан тұратын «ЖТ – АҚ» жүйесінің құрылымдық сұлбасында (1.1 сурет) төмендегі белгілеулер қолданылады:
- электр қозғалтқышының механикалық сипаттамасының қатаңдық модулі ( );
- асинхронды
...