Жабық қойманың негізгі көрсеткіштерін анықтау
Автор: Armieva • Октябрь 23, 2020 • Практическая работа • 7,433 Слов (30 Страниц) • 1,135 Просмотры
№1 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: Жабық қойманың негізгі көрсеткіштерін анықтау Мақсаты: Жабық қойманың негізгі көрсеткіштерін анықтау жолдары мен қоймада жүкті сақтаудың шарттарымен, мерзімдік уақыттарымен танысу.
Жұмыс барысы
Теміржол стансаларының қоймалары жүкті тасымалдауға қабылдау кезеңінен бастап вагонға тиегенге дейінгі кезенде, сонымен бірге жүкті түсіріп жүк қабылдаушыға дейінгі аралықта жүкті аз уақытта сақтауға арналады. Сақтауға қойылатын жүктің түріне сәйкес қоймалар мамандандырылған және әмбебап (жалпы)деп бөлінеді. Мамандандырылған қоймаларда тек қана бір атаудағы, ерекше сақтау шарттарын талап ететін жүктер сақталады. Ал әмбебап қоймаларда бір-біріне зиянды әсерлерін тигізбейтін әртүрлі жүктер сақталады. Қоймалар құрылымы мен сақтау шарттарына сәйкес жабық, ашық платформалы және жартылай ашық деп жіктеледі. Жабық қоймаларға қоршаған ортаның әсеріне сәйкес сапасы өзгеріске ұшырауы мүмкін жүктер мен бағалы жүктер сақталады. Темір жол қоймаларына қойылатын негізгі талаптар: - берілген тасымал көлемін толық қамтамасыз ету; - жүктің сандық және сапалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз ету; - жылжымалы құрамды өз уақытында өңдеу; - тиеп-түсіру жұмыстарын механизациялау мен автоматтандыру; - автокөлік пен теміржол вагондарына жүк тиеуге ыңғайлы орналасу; - жүктерді өңдеудің тиімді жолдарын қамтамасыз ету. Қойма жұмыстарын ұйымдастыру кезінде өрт және еңбек қауіпсіздігінің талаптары мен техника қауіпсіздігінің талаптары,эргономикалық талаптар қатаң сақталуы керек. Қоймаларды таңдау және жобалық түрлерін таңдау кезінде оның келесі негізгі көрсеткіштерін анықтап алу керек: – сыйымдылығы; – қажетті ауданы; – ұзындығы, ені, биіктігі; – тиеп-түсіру алаңдарының өлшемдері. Қойманың бұл көрсеткіштері қойманың жүк өңдеу көлемі мен жүк аулаларының жұмыс тәртібіне сәйкес болады. Жүк ауласының жұмыс тәртібі нақты сенімді және кездейсоқ болуы мүмкін. Нақты сенімді жұмыс тәртібінде автокөліктер мен басқа да жылжымалы құрамалар жүк отасына бірдей уақыт аралығында келеді және де берілетін вагондардың саны мен жүк оталарын орындау уақыттары орта мәннен көп ауытқымайды. Ал кездейсоқ жұмыс тәртібінде берілетін жылжымалы құрамалардың саны мен келу уақыттары орта мәннен көп ауытқып отырады. Қойманың негізгі көрсеткіштері: 1. Қойманың сыйымдылығы – дегеніміз қойманың жүк сақтауға арналған шекті аумағына сиятын жүктердің саны.Ол өңделетін жүктің ортатәуліктік көлемі мен жүкті қоймада сақтаудың ұзақтығына тәуелді болады. 2. Қойманың қажетті ауданы – өңделетін жүктің ортатәуліктік көлемі мен жүкті қоймада сақтаудың ұзақтығына және де қойманың еденіне түсетін орташа жүктемеге тәуелді болып келеді. 3. Қойманың ұзындығы – қойманың қажетті ауданының ұзындығына тең болады. 4. Қойманың ені – сақталатын жүктердің түріне, саны мен еніне және де жүктерді тиеп-түсіру оталарын жүргізетін механизмдердің өлшемдік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді. 5. Вагондарды беретін жүк ауласының ұзындығы – жүктерді тиеп-түсіру оталары басталғанға дейін вагондарды қоюға арналған қоймалық жолдардың бір бөлігі. Ол жүк ауласына келетін вагондардың ортатәуліктік санына және түріне байланысты болады. Вагондарды беретін жүк ауласының жолдарында жүктерді бір уақытта тиеп-түсіру жұмыстары жүргізілетін жолдарға қарағанда вагон саны көп болып келеді. 6. Тиеп-түсіру ауласының ұзындығы – дегеніміз жүктерді тікелей тиеуге немесе түсіруге арналған қойма жолының бір бөлігі. Оның ұзындығы қойма жолының пайдалы ұзындығына бір мезгілде орналасатын вагондардың санына байланысты болады. 1. Ортатәуліктік жүк айналымы( ) жылдық жүк айналымы ( ) арқылы анықталады. (1) [pic 1][pic 2][pic 3]
...