Құймалы (тұтас) темірбетон қырлы арқалық жабындар
Автор: asantajidin • Февраль 26, 2019 • Курсовая работа • 4,370 Слов (18 Страниц) • 2,233 Просмотры
Мазмұны
Мөлшерлік сілтемелер................................................................................................5
Анықтамалар................................................................................................................6
Белгілер мен қысқартулар...........................................................................................7
Кіріспе...........................................................................................................................8
1 Құймалы (тұтас) темірбетон қырлы арқалық жабындар......................................9
1.1 Қабатаралық тұтас жабынның құрылымын үйлестіру......................................9
1.2 Тұтас құйма жабынды есептеу.............................................................................9
1.2.1 Есептік күшсалмақтар......................................................................................11
1.2.2 Арматураның санын анықтау..........................................................................12
1.2.3 Үздіксіз армтуралау нұсқасы..........................................................................12
1.2.4 Бөлек арматуралау нұсқасы.............................................................................13
1.2.5 Арматуралау варианттарын салыстыру.........................................................14
1.3 Қосалқы арқалықты есептеу............................................................................15
1.3.1 Қосалқы арқалыққа түсетін күшсалмақтарды есептеу.................................15
1.3.2 Ішкі күштердің мәнін анықтау........................................................................15
1.3.3 Арматураның көлденең қимасының мәнін анықтау.....................................17
1.3.4 Қосалқы аралықты көлденең күшке есептеу.................................................21
Қорытынды ...............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................26
Мөлшерлік сілтемелер
Курстық жобаны орындау барысында келесі мөлшерлік құжаттар мен МЕУЛ - дер қолданылды.
- ҚНжЕ 2.01.07-85* Күшсалмақтар мен әсерлер. – М.:Изд-во АСВ,2004.-38с
- ҚР ҚНжЕ 2.03.01-84 «Бетон және темірбетон конструкциялары», М, 1985
- МЕУЛ №130152003 «Құрылысқа арналған темірбетон және бетоннан бұйымдар», М, 2004
- МЕУЛ №21.11095 «Құрылғылар спецификациясын, бұйымдар мен материалдардың дайындау ережелері», М, 1996
- МЕУЛ №21.501-93 «Правила выполнения архитектурно-строительных рабочих чертежей», М, 1994
- ҚР ҚНжЕ -5.04-23-2002. Нормы проектирования. Строительные конструкции- Астана,2003.-118с.
- ҚР ҚНжЕ 2.03.01-84*. Нормы проектирования. Бетонные и железоботонные конструкции. Гострой России.- М., 2002-79с.
Анықтамалар
Курстық жобаны орындау барысында келесі анықтамалар қолданылды.
Арқалықты плита – қысқа бағытында жұмыс істейтін плита, яғни [pic 1][pic 2].
Контуры бойынша тірелген плита – екі бағытта да иілуге жұмыс істейтін плита, яғни [pic 3][pic 4].
Екі тіреудегі арқалық – тік көтергіш конструкцияларға екі ұшымен топсалы тірелген, иілуге жұмыс істейтін крнструкция.
Бірқалыпты таралған жүктеме – бүкіл конструкция бетіне бірдей дәрежеде таралған жүктеме.
Бетонның өстік сығылуға бойынша класы – бетонның сығылуға мөлшерлік кубтық беріктігі.
Бетонның өстік созылуы бойынша класы – бетонның созылуға мөлшерлік беріктігі.
Бетонның призмалық беріктігі – призма бетонның өстік сығылуға уақытша қарсыласуы.
Бетонның кубтық беріктігі – бетонның кубтық үлгілерін сығылуға сынау арқыла анықталады, бетонның салыстырмалы беріктігінің сипаттымасы.
Белгілер мен қысқартулар
А – арматура класы.
Rs – шектік күйлердің бірінші тобы бойынша арматураның өстік созылуға есептік беріктігі.
В – өстік сығылу бойынша бетонның класы.
Вt – өстік созылу бойынша бетонның класы.
Rb – шектік күйлердің бірінші тобы бойынша бетонның өстік сығылуға есептік беріктігі.
R – бетонның кубтық беріктігі.
Rbt – шектік күйлердің бірінші тобы бойынша бетонның өстік созылуға есептік беріктігі.
Rb,ser – шектік күйлердің екінші тобы бойынша бетонның сығылуға есептік кедергісі.
Rbn – бетонның сығылуға мөлшерлік призмалық беріктігі.
Rbtn – бетонның созылуға мөлшерлік призмалық беріктігі.
Rbt,ser – шектік күйлердің екінші тобы бойынша бетонның созылуға есептік кедергісі.
Q – қимадағы көлденең күш.
...