Блоктарды қолдану және қолдану
Автор: 20181972 • Апрель 10, 2020 • Реферат • 2,630 Слов (11 Страниц) • 441 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Блоктарды қолдану және қолдану»
Орындаған:Дүйсенбай Г
Тобы: ГК-809
Тексерген:Аға Дүкенбаев Д.Қ.
Семей 2020 ж.
Блоктарды жасақтау және қолдану
Ағымдағы сызбада блок сипаттамасын жасақтау үшін 1) Блок қалыптастыратын объектілерді жасақтаңыз. 2) Менюден «Рисование» → «Блок» → «Создать» таңдаңыз. 3) «Описание блока» терезесінде блокқа ат беріңіз. 4) «Объекты» тобында «Сделать блоком» опциясын белгілеңіз. «Удалить» опциясы қосылмауы тиіс. 5) «Выбор объектов» басыңыз. 6) Объектілерді таңдаңыз. Аяқтау үшін ENTER басыңыз. 7) «Описание блока» терезесіндегі «Базовая точка» тобында базалық нүктенің координаталарын мына тәсілдердің біреуін пайдаланып енгізіңіз: ▫ Базалық нүктені көрсету құрылғысы арқылы беру үшін «Указать» батырмасын басыңыз. ▫ Нүктенің X,Y,Z координаиаларын енгізіңіз. 8) «Пояснение» өрісіне блокты айыратын ақпарат енгізіңіз. Бұл ақпарат Басқару орталығының терезесінен көрінеді. 9) «ОК» басыңыз.
Блоктарды сақтап қою және пайдалану
Сызбада блок жасақтау
Блокты жеке файлда сақтау Таңдалған объектілерді жаңа файлда сақтау үшін 1) Бар сызбаны ашыңыз немесе жаңасын жасақтаңыз. 2) Командалық жолға ПБЛОК енгізіңіз. 3) «Запись блока на диск» терезесіндегі «Источник данных» айырып-қосқышын «Объекты» нұсқасына келтіріңіз. 4) «Выбор объектов» батырмасын басыңыз. 5) Жаңа сызба жасақтау үшін көрсету құрылғысының көмегімен объектілерді таңдаңыз. Таңдап болған соң ENTER басыңыз. 6) «Базовая точка» тобынан базалық нүктені мына тәсілдердің біреуін пайдаланып енгізіңіз: ▫ Базалық нүктені көрсету құрылғысы арқылы беру үшін «Указать» батырмасын басыңыз. ▫ Нүктенің X,Y,Z координаиаларын енгізіңіз.
...