Металлургия өндірісінің
Автор: ernar abiev • Апрель 2, 2019 • Реферат • 317 Слов (2 Страниц) • 691 Просмотры
Негізінен металлургияның шығу тарихы тереңде жатыр.Сонау ықылым заманда адамдар жер бетіндегі игіліктердің бәрін дерлік қолданды. Ал,сол замандарда қазіргі кезде жердің терең қабаттарында кездесетін алтын,күміс,мыс,қалайы,мырыш пен көмір сынды пайдалы қазбалардың жердің үстінде кездесуі адамдардың металлды игеруін әлдеқайда тездетті. Энеолит дәуірінің өзінде от жағу барысында мыстың отқа балқып,әртүрлі қалыпқа келетінін байқаған адамдар оны өз игіліктеріне қолдана бастады. Мыс құралдар тастан жасалған еңбекке мардымсыз құралдарды ысырды. Бірақ, энеолит дәуірі металлды игерудің биік деңгейін көрсете алмады. Оған біріншіден, мыстың өте майысқақ және көп қолданыстан соң тез сынуы,сол кездегі адамдарға металлға деген толық көшуін бәсеңдетті. Екіншіден, мыстан басқа металлдарды игеруге күрделі технологиялар қажет болды, ал ежелгі адамдарда күрделі пештер,қорықтар мүлдем болмады.
Металлургия өндірісінің немесе тау-кен ісінің жанданған, жаңа дейгейге көтерілген кезі қола дәуірі болды. Қола дәуірінде адамдар жекеленген металлдар ғана емес қорытпалар өндіре бастады. Мыс,қалайы,алтын мен күміс сынды металлдарды адамдар бірінен соң бірін игеріп,металл игерудің жаңа дейгейіне көтерілді.Соның ішінде Қазақстан аумағы мыс,қалайы мен алтын сынды пайдалы қазбаларға бай екендігі белгілі. Мыс (Жезқазған,Зырян,Қаршыға,Жалтыр,Ащылы,Күшікбай), қалайы (Атасу таулары,Қалба мен Нарым жоталары) мен алтын (Степняк,Қазаншұңқыр,Балажал,Ақжал,Дайбай,Майқапшағай,Ақөбек) кен орындары бұл аумақтың көне металлургиялық орталықтардың бірі болғандығын айғақтайды. Осы замандарда Қазақстан аумағыда мысты,тотықтанған кентастарды алу мен балқыту ісі кең қанат жайды.
...