Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Логистике"

Автор:   •  Июнь 2, 2022  •  Курс лекций  •  1,122 Слов (5 Страниц)  •  264 Просмотры

Страница 1 из 5

Оқу тәжірибесі

ТАҚЫРЫП 1. ЛОГИСТИКА ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1-тапсырма. Берілген сұрақтарға анықтамалық материалдарға сүйене отырып жауабын жазыңыз:

  1. Логистика түсінігінің анықтамасы (5 анықтамасын жазыңыз);

1)Логистика - өнімге қажеттілік туған жерде, алдын ала бекітілген орында, бекітілген уақытта қажетті өнім көлемін алуға бағытталған түрлі қызмет түрлерінің жиынтығы туралы ғылым 2) Логистика — уақыт пен кеңістіктегі ӛнімді жеке тарату үрдісі туралы

ғылым 3) Логистика — жабдықтаудың, өткізу мен тасымалдаудың өзара

байланыстары мен өзара әрекеті жөніндегі ғылым. 4) Логистика - өндірістік - тасымалдау жүйесінің барлық элементтерінің өзара әрекеті туралы ғылым.  5) Логистика - өндіріс құралдарын жабдыктауды, өткізуді және бөлуді кешенді зерттейтін өндіріс және бөлуді тиімді ұйымдастыру туралы ғылым.

  1. Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсерін талдаңыз; 

Тауардың соңғы бағасында логистикаға кеткен шығындар үлесінің көптігі материалды ағымдарды басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу субъектілерің экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қандай резервтері бар екенің көрсетеді. Материалды ағымдарды басқаруда логистикалық тәсілі қолданудың экономикалық әсерінің басты қосылғыштарын қарастырып өтейік. өндіріс және айналым салаларында логистиканы қолдану келесідей мүмкіндіктер

береді:

- материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды

төмендету;

- логистикалық тізбек бойындағы тауарлар қозғалысының уақытын

қысқарту;

- тасымалдау шығындарын төмендету;

- қол еңбегінің шығындарын және жүк операцияларының сәйкес

шығындарын қысқарту.

Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағымдар қозғалысының

бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады

  1. Логистиканың функционалдық салаларының сипаттаңыз; 1) Кәсіпорынды шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету үрдісінде сатып алу логистикасының мәселелері шешіледі. Бұл сатыда жабдықтаушылар зерттеліп, таңдалады, келісім - шарттарға қол қойылады және оның орындалуы бақыланады, жеткізу шарттары бұзылған жағдайда шаралар қолданылады. 2) Кәсіпорын ішінде материалды ағымдарды басқару үрдісінде негізінен өндірістік логистиканың мәселелері шешіледі. Бұл сатының ерекшелігі мынада: ағымды жүргізу бойынша жұмыстардың негізгі көлемі бір кәсіпорын территориясының шеңберінде орындалады. 3) Логистиканың басқа да функционалдық салалары сияқты, тасымалдау логистикасының нақты бір белгілі шегі болмайды. Тасымалдау логистикасының әдістерін түрлі тасымалдауларды ұйымдастыруда қолданады. 4) Ақпараттық логистика. Материалды ағымдардың қозғалу нәтижелері ақпараттық ағымдарды дұрыс ұйымдастырумен тікелей байланысты. Соңғы онжылдықта күшті ақпараттық ағымдарды тиімді басқару мүмкіндігі материалды ағымдарды іштей басқару мәселелерін қойып, оны шешуге мүмкіндік берді 5) Макрологистикалық жүйенің элементі ретінде жабдықтау қызметі жабдықтаушылармен тауарды жеткізумен байланысты техникалық - технологиялық, экономикалық және әдістемелік мәселелерді келісе отырып, олармен шаруашылық байланыстар орнатады
  2. Логистиканың қағидалары және міндеттерін атаңыз; Логистиканың бастапқы жағдайына (припципіне) жүйелілікпен қатар мыналар жатады: кешендік, ғылыми, нақтылық, конструктивтік, сенімділік және варианттылық. Логистиканың басты міндеті өндірістің, маркетингтің және кәсіпорынның басқа салаларының қалыпты жұмысын қолдау арқылы тұтынушылардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
  3. Логистикалық жүйе түсінігі және логистикалық жүйелердің түрлері атаңыз. Логистикалық жүйе - бұл, бірнеше ішкі жүйелерден тұратын және сыртқы ортамен дамыған байланыстары бар логистикалық функциялар мен логистикалық операцияларды орындайтын кері байланыс жүйесі. Логистикалық жүйелер қызмет ауқымы бойынша макрологистикалық, мезологистикалық, микрологистикалық жүйелер деп жіктеледі.

2-тапсырма. Логистиканың әрбір даму кезеңінің мақсаттары мен міндеттерін кестелік түрде сипаттаңыз (Кесте 2.1). Әрбір кезеңде қандай түбегейлі өзгерістер болды? Негізгі басымдықтар қандай?

Кесте 2.1 – Логистиканың даму кезеңдері, олардың мақсаттары мен міндеттері

...

Скачать:   txt (17.5 Kb)   pdf (168.1 Kb)   docx (280.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club