Отчет по практике в «ФудМастер»
Автор: aika_0403 • Июнь 11, 2019 • Отчет по практике • 4,155 Слов (17 Страниц) • 1,061 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................... 1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.................................................. 2. Негізгі цехқа қысқаша сипаттама.............................................................. 3. Өндірісті шикізат ресурсымен қамтамасыз ету........................................ 4. Жеке тапсырма............................................................................................ 5. Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау................................................ Қорытынды....................................................................................................... Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................... | 7 8 10 12 17 20 23 24 |
Кіріспе
Еліміздегі сүт өнімдері импортының көп бөлігін ірімшік, қойытылған сүт,құрғақ сүт, сары май алады.Сүт өнеркәсібіндегі экспорт көлемінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептер: құрғақ сүтті тұтыну көлемінің өсуі және отандық өнімдердің бағалық бәсекеге қабілетсіздігі болып табылады.
Оның басты себептері, біріншіден, сүт кәсіпорындарының өндірістік сүт қуаты төмен болуы болса, екіншіден, шетелден (әсіресе, Ресей, Беларусия, Қырғызыстан сүт өнімдері) келетін, арзан бағалы қантты йогурттар мен басқа да сүт өнімдері жаппай сұранысқа ие.
Алыс жақын шетелден арзан бағамен келетін сүт өнімдері (йогурт, қатты ірімшік, творог және т.б) ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие.
Сүт және сүт өнімдерін ұлттық мөлшер бойынша 1 адам жылына 260 келі, медициналық мөлшер бойынша 405 келі тұтынуы керек болса, ал нақты тұтыну жылына 3 200 келіні құрайды. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жылына 5 млн. 400 мың тонна сүт өндіреді. Осы өндірілген сүт көлемі Қазақстан халқының және басқа да ұлттық шаруашылық салаларының нақты тұтынуларын қамтамасыз етуі керек. Бірақ, қалай дегенде, жыл сайын импорт өнімдері көбейе түсуде. Мәселен, 2011 жылы құрғақ сүттің импорты 24 664 тонна, яғни, 90 пайызды құрады, қоюлатылған сүт – 75, сыр және ірімшік – 59, сары май – 34 пайыз. Көрсетілген бұл мәліметтер Қазақстан әлі де өз-өзін тұтастай сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін шешпегендігін көрсетсе керек.
Творогөнімі кең тараған өнім, ол адамның өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Творог дәстүрлі ақуызды, сүт қыщқылды, жоғары тағамдық және емдік-диетикалық қасиеті бар өнім. Сондықтан қоспалармен байытылған творогты алудың технологиясын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмысын орындау барысындағы мақсат –сүтқышқылды өндірісте құрамы қоспалармен байытылған творог алу және сол өнімге қатысты әдеби шолу жүргізіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі заманғы талаптарға сай өнім өндіру үшін курстық жұмысының келесідейміндеттерін белгілейді.
- Творог өндірісінде заманауи технологиялық желіні таңдап қолдану;
- Таңдалынған технологиялық желі бойынша алынған творогтың сапалық көрсеткіштерін зерттеу;
- Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмысын жасау кезінде шикізаттың сапалық қасиеттерін анықтау;
- Қоспа түрінде алынған стевия өсмдік шикізатының құрамына қатысты талдау жасау.
1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
«ФудМастер» компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы» мекемесі 1995 жылы құрылған. Кәсіби мамандар тобы мекемені алдыңғы қатарлы озық мекемеге айналдырды. Тәулік сайын сүт зауыты жүз тонна сүтке дейін өңдеп шығарады. Зауыт өнім құю жөніндегі жоғары технологиялық желілермен жарақтандырылған. 2001 жылы құбыр жуу бойынша қос желілі автоматты стансасы мен сағатына 50 000 литр су өткізетін қуаттылығы бар CIP жабдықтамалары орнатылған. Жоғары технологиялық жабдықтама өндірілетін өнімнің мүлтіксіз сапасын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жж. Есік сүт зауытын жаңалау мен қалпына келтіруге 2 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Енді зауыт жарақтандырылуы бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық мекемелерден кем түспейді. «ФудМастер, ЖА» Компаниясы ЖШС-і 1997 жылғы қаңтарда құрылған.
...