Отчет по практике в «Астам» мейрамханасының
Автор: xslawekx • Сентябрь 8, 2019 • Отчет по практике • 5,140 Слов (21 Страниц) • 1,339 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Өңдеу технологиясы және стандартау кафедрасы
Өндірістік практика бойынша есеп
Мамандық 5В072700 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы
Орындаған: Ермекова Б.М., күндізгі оқу
нысанының 2-курс студенті
(негізгі оқу бағдарламасы)
Жетекшісі: Мухамедов Т.А., аға оқытушы
Есеп қорғау
____________ болды
Бағасы___________
Қостанай, 2019[pic 1]
Мазмұны
|
[pic 2]
Кіріспе
Мен, Ермекова Бану Мухитовна 2019 жылдың 13-31 мамыр аралығында Қостанай облысының ИП «Колдышев Қ.Ж» кәсіпорнында өндірістік практикадан өттім. Практика жетекшісі болып бас аспаз – Берік Мырзахметов тағайындалды.
Ең алдымен, жетекшімен танысып, техникалық қауіпсіздік ержесімен және санитарлық-гигиеналық талаптармен танысқаным жайлы құжатқа қол қойдым. Және «Астам» мейрамханасы жайында толық мәлімет алып, кәсіпорынның жеткен жетістіктері жайлы білдім. Мейрамхана ішін аралап,технологиялық жабдықтармен таныстым.
Теориялық жағынан білгенімді практика жүзінде іске асыру мүмкіндігіне ие болдым. Практика жетекшісінің нұсқауы бойынша бастапқы күндері кухняда жеңіл жұмыстар атқарып, кейіннен бас аспазбен бірге күрделі тамақ өнімдерін жасау әдістерін меңгердім. Өндірістік практикада негізінен алынған теориялық білімді іс жүзінде игеру ең басты мақсат болғандықтан, негізгі тамақ түрлерімен танысып, мамандық бойынша білімімді шыңдап, шаруашылықтық заттардан дайын өнім алу технологиясымен тереңірек танысып, тағам өнімдерінің сапасымен, оларды дұрыс сақтау, өнімді бұзбай жеткізу, т.б. шаралар жүргізілді.
Мейрамхана асханасы 300-350 адамға арналған. Сол себепті теориялық білімнің тәжірибеде үлкен рөл атқаратынын түсіндім. Бас аспаз және оның командасы болып рецепт түрлері мен ас мәзірінің дұрыс құрылу технологиясына аса назар аудардық.
Тамақ дайындау барысында өнімнің химиялық құрамын, оның адам организміне әсерін, пайдасы не болмаса зияны жөнінде, тамақ дайындаудаудағы қыр-сырын білу маңызды болмақ. Осы арқылы тамақтану технологиясын игеруді басты мақсат тұттым.
Мақсатым:
- асханадағы техникалық құралдармен жұмыс жасауды үйрену;
...