Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инвертті сироп

Автор:   •  Июнь 22, 2018  •  Лекция  •  323 Слов (2 Страниц)  •  1,383 Просмотры

Страница 1 из 2

Инвертті сироп

Инвертті қант - инвертті қант сахароза ыдырағанда пайда болатын глюкоза мен фруктозаның қоспасы. Суға ерігенде олар сахарозамен бірге құрғақ заттары көп қаныққан ерітінді береді. Осы қоспа аса қанықкан кезде кристалға айналмайды. Инвертті ерітіндісін дайындау үшін 80%-дық сахароза ерітіндісін 90°С-қа дейін қыздырып, үстіне 0,02—0,03% түз қыш- қылын қосып араластырады, содан кейін 30 мин-тай түндырып үстіне 10%-дық қоскемірқышқыл содасын салып 70°С-та араластырып бейтараптайды. Содан соң ерітіндіні 40—45°С-қа дейін суытады.

Инвертті сироп

Инвертті сироп- глюкоза мен фруктозаның судағы ерітіндісі.Инвертті сироп кондитер өндірісін қайта өңдеу кезінде қолданылады. Оларда заттың қатаюына қарсы қасиеттері бар. Инвертті сироп түрлі кондитерлік өнімдер дайындауда патоканың орнына қолданылады, ол өнімге алтын түстес түр береді және өнімнің ескіруін тежейді. Инвертті сироптың бұлай аталуының себебі дайындау кезінде инверсия процесі жүреді, яғни инверсия дегеніміз өзгеріс, орын ауыстыру мағынасын білдіреді.

           Инвертті сиропты су мен қант қосылған ерітіндіні қыздырып, оған қышқыл қосу арқылы алады. Бұл процесс кезінде сахароза фруктоза мен глюкозага бөлініп кетеді. Бұл үішін лимон қышқылы,сүт қышқылы және уксус қолданылады. Инвертті сиропты дайындау кезінде су мен қант қосындысы -1-(0,55-1) мөлшерінде болады. Ерітіндіні қыздыру барысында температура75-85С аралығында болу керек, ал қышқылдылығы рН 3,6-4,5, қыздыру процесі бітіп ерітінді суыған соң оған тұз қосылады.

      Инвертті сиропты өндірісте алудың тағы бір түрі сахарозаны суда еріту. Бірақ бұл түрінің кемшілігі инверсия процесі кезінде сахароза тоқтаусыз глюкоза мен фруктозаға айнала бастайды,соның әсерінен сироп күңгірт түсті және бұлыңғыр болып шығады.

Инвертті сироптың кондитер өндірісінде қолданылуы:

  • Қамырға алтын түстес түс береді;
  • Өнімнің ескіруін тежейді;
  • Бисквитті дымқылдау үшін(пропитка);
  • Сахарозаны бөліп алу үшін;
  • Помадка дайындау үшін;
  • Салмаларды әзірлеу үшін;
  • Балдың орнына және крем, маршмеллоу дайындауда қолданылады.

Өндірісте инвертті сиропты патокамен, глюкоза сиропымен, кукуруз сиропымен ауыстыруға болады.

Инвертті сиропты әзірлеу үшін керекті заттар: қант, ыстық су, лимон қышқылы және ас содасы.

Түбі қалың ыдысқа су мен қантты салып қайнатамыз, қайнаған соң лимон қышқылын қосып барлығын араластырамыз. Бетін жауып 30-35минут қайнатамыз. Қайнап болған соң аузын ашып 10-15минут суытып қойып, ас содасын қосамыз. Көпіршіген кезде араластырамыз, сироп пайда болады.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club