Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихи сөздер этимологиясы

Автор:   •  Март 20, 2025  •  Реферат  •  2,244 Слов (9 Страниц)  •  10 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология факультеті

Академиак С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы

[pic 1]

       

                                                 

                                                     

СӨЖ тапсырмасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тарихи сөздер этимологиясы

Орындаған: Жарылғапова Аяла

Топ: 302

Тексерген: ф.ғ.д. ҚР Білім беру ісінің үздігі және құрметті қызметкері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»Қосымова Гүлбану

        

Алматы 2025 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім:

1.1 Тарихи этимология

  1. Негізгі бөлім:
  1. «Қазақ» этнонимі қалай, қашан шыққан?
  2. Жер-су атаулары
  3. Ру, тайпа атаулары
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.1 Тарихи этимология

Қазақ тілі бүгінгі дәрежесіне талай ғасырларды басып өтіп, тайпалық одақтардың тілі мен түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілген көне түркі тілі және орта ғасыр түркі тілдерінің материалдары негізінде жетті. Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан зерделеп түсіну қазақ тілінің қалай қалыптасқандығын білу үшін маңызды. Тілдің тарихын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес. Қазақ тілін ғылым ретінде танып білудегі ең басты нәрсе – негізгі тарихи байланысты ұмытпау. Әрбір тілдік мәселеге тарихта сол құбылыс қалай шықты, өзінің дамуында қандай басты-басты дәуірлерді өтті деген тұрғыдан қарау керек, сонда ғана оның қазі андай күйде екенін білуге болады. Қазақ тілінің шығу тегі мен даму тарихын түркі халықтарының, жалпы түркі тектес тілдердің даму дәуірлерімен бірлікте, соның шеңберінде алып қарастырғанда ғана толық түсінуге болады. Олар; шумер, алтай дәуірі, ғұн діуірі, көне түркі дәуірі, орта ғасырлық түркі дәуірі, түркі тілдерінің жаңа дәуірі. Тарихи сөздердің этимологиясын зерттеуде басқа тілдердің, туыстас, туыс тілдердің материалдарына сүйенуге де тура келеді. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын тілдердің ішінде мағынасы және  ұлғасы ортақ сөздердің табылуы кездейсоқ нәрсе емес, мұнда бір зағдылық болуы мүмкін.

Қазақстан жерінде миллиондаған жер-су атауларының қашан және қалай пайда болғандығын зерттеу қазақ жерінің тарихын білуге, ежелгі адамдардың таным түсінігін ашуға, наным-сенімін айқындауға, күн көрісі мен тұрмыс тіршілігін білуге жетелейді. Тарихи сөздердің баға жетпес маңызы осында жатыр. Көне діуірдің өзінде тілдік қордың мол болғандығы, географиялық нысандардың түр-түсіне, сипат-бедеріне қарай әрқайсысының өзіндік белгілеріне қарай дәл сипаттама бере алғандығы таң қалдырады. Қазақ жеріндегі топонимдерді қазақ тарихын жазған Геродот, Птолемей, Страбон, Плиний сияқты ғалымдардың еңбектерінен, ежелгі саяхатшылар Марко Поло, Земарх Киликий, Плано Карпини, Андре Лонжюме, Вилгелм ле Рубруктің жазбаларынан, орыс қытай жылнамаларынан, араб жиhангездерінің еңбектерінен кездестіруге болады. Қазақстан жер-су атауларының этимологиясын зерттеген ғалымдардың еңбектерінде бір атаудың мағынасын әртүрлі түсіндірген жайттары бар, біреулері ғылыми деректерге сүйенсе, енді бірелері болжамға сүйенген немесе бірін-бірі қайталап нақтылаған. Г. Қосымованың «Тарихи атаулардың этимологиясы» атты еңбегінде осы мәселе шешімін тапқан. Тарихи еңбектерде жер-су атаулары әртүрлі аталғандықтан, олардың мәнін көне түркі материалдарына негіздееп талдау көп нәтижеге қол жеткізді. Ғалымдардың көбісі қазақ жер-су атауларының мәнін, сонау орал-алтай тобына кіретін тілдердің, туыстас тілдер мен моңғол, қалмақ тілдерінің материалдарынан іздеп, көне түркі тілінен іздемей көп шатасқан тұстары да бар.

...

Скачать:   txt (28.8 Kb)   pdf (214.3 Kb)   docx (26.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club