Негізгі құралдарды жөндеуді ұйымдастыру мен жетілдіру
Автор: nuraikabykenova • Апрель 14, 2023 • Курсовая работа • 6,620 Слов (27 Страниц) • 253 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 бөлім. Негізгі құралдар және негізгі құралдарды жөндеу есебі......................5
1.1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні.......................................................5
1.2. Негізгі құралдардың жөндеу түрлері және әдістері.....................................9
1.3. Негізгі құралдардың жөндеу шығындарын есепке алу..............................14
2 бөлім. Негізгі құралдарды жөндеу аудиті........................................................15
2.1. Негізгі құралдардың аудит бағдарламасы...................................................15
2.2. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу аудиті..............................................20
3 бөлім. Негізгі құралдарды жөндеуді ұйымдастыру мен жетілдіру...............25
3.1. Кәсіпорын құралымындағы негізгі құралдарды жөндеуді жетілдіру.................................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................29
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста «негізгі құралдарды жөндеу есебі» жайлы айтылатын болады.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның қалыпты өндірістік шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Негізгі құралдар - өнім өндіру, қызмет көрсету және жұмыс орындау кезінде еңбек құралдары ретінде қолданылатын мүліктердің бөлігі. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен, олардың жоспарлық тапсырмаларымен анықталады. Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорынға қайта кірістеледі, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Курстық жұмыстың мақсаты - негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есепке алудың барлық аспектілерін зерттеу және аудиторлық бағдарламамен тансыу.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
• негізгі құралдардың сипаттамасын ашып көрсету ;
• негізгі құралдардың экономикадағы мәні мен маңызы туралы жеткізу;
• негізгі құралдарды жөндеу есебінің әдістері мен жөндеу шығындарын есепке алу;
• негізгі құралдарды жөндеудің аудит бағдарламасын айқындау және негізгі құралдарды жөндеуге өткізуін көрсету;
• кәсіпорында негізгі құралдарды жөндеуді жетілдіру көздерін айқындау болып табылады.
«Негізгі құралдарды жөндеу» тақырыбы бойынша 3 бөлім қамтылған. Әрбір тарау халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді. Курстық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нормативтік базаларға сәйкес жазылған.
Бірінші бөлімде, негізгі құралдардың жөндеу есебі қамтылады. Бөлімшелерде, негізгі құралдар түсінігі мен жіктелуі, негізгі құралдарды жөндеу түрлері мен әдістері және де жөндеуге кеткен шығандарды есепке алу туралы ақпарат беріледі.
Екінші бөлімде, негізгі құралдар бағдарламасы мен негізгі құралдарды жөндеуден өткізу аудиті қарастырылған.
Үшінші бөлімде, заман өзгерісіне, дамуына байланысты негізгі құралдарды жетілдіру мен ұйымдастыру туралы баяндалады.
...