Forte Bank АҚ танысу практикасы
Автор: Aikerym • Июнь 20, 2019 • Отчет по практике • 5,096 Слов (21 Страниц) • 1,609 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ [pic 1] |
«Есеп және аудит» мамандығы |
2018-2019 оқу жылына арналған
Танысу тәжірибиесі
«Fortebank»
Оқытушы | Биготанова Салтанат Сабитовна |
Студент | Токтамысова Амила Ериковна |
Курс | 2 |
Семестр | 4 |
Алматы 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ................................................................................................................. 2
- Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау ....................4
- «Fortebank» қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу...........8
- «Fortebank» қаржы қызметі жұмыстарымен танысу.................................9
- «Fortebank» есеп саясаты...........................................................................11
- Материалды жинақтау және тәжербие бойынша есепті рәсімдеу.........13
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
2
КІРІСПЕ
Мен, Токтамысова Амила Ериковна танысу тәжірибесінде оқу бағдарламасына сәйкес негізгі пәні «Бухгалтерлік есеп негіздері» Есеп және Аудит мамандығы бойынша 14-18 қаңтар 2019 жыл аралығында өттім.
Танысу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 0518000-«Есеп және аудит» (салалары бойынша) мамандығы бойынша дайындалды.
Танысу тәжірибесін кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасында жасалған келісімшарттар негізінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорында өткізу орынды. Сәйкесінше мен «ForteBank» АҚ-ында оқу тәжірибесінде өттім.
Тәжірибе мерзімі 14-18 қаңтар.Тәжірибені өту мақсатым-оқу орнында алған білімімді тәжірибеде қолдана білу және нығайту, сонымен қатар қаржы мекемелерінің, мемлекеттік және әртүрлі меншік түрлерінің ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесін оқып үйрену, оқу үрдісі кезінде алған теориялық білімімді нығайту және тереңдету, болашақ маман ретінде тәжірибелік дағдыларға үйрену, өндірістік салаларда нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалануды, қажетті есеп берулерді құрастыруды, мамандық бойынша құжаттарды толтыруды толықтай үйрену.
Тәжірибе нәтижесінде мен білуге міндеттімін:
-бугалтерлік есептің нысандарын, әдістерін және техникасын;
-бугалтерлік есеп мәліметтерімен келісілген бюджетке төленетін салық төлемдері бойынша тұжырым жасай білу
-көрсеткіштерді есептеу, талдау мәліметтердің қорытындысы бойынша тұжырым жасай білу.
Кәсіптік тәжірибенің мақсаты мен теориялық білімдерімді бекіту және таңдаған мамандығым бойыша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу тәжірибесін өту барысында мен теориялық білімімнің бекітілуін тексеруім қажет, шоттар корреспонденциясын құрастыруда алғашқы құжпттарды, есеп тіркегіштерін толтыруда, жылдық қаржылық есеп беруді құруда, салық төлемдерін есептнуде қажетті дағдыларды алуым керек. Оқу тәжірибесінің міндеттері;
-кәсіптік қызметпен танысу және таңдау алынған мамандық бойынша алғашқы тәжірибелік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
-таңдап алыгған мамандыққа қызығушылықтарын тәрбиелеу және теориялық білімдерін саналы түрде игеруге талпындыру.
3
1.«Fortebank» АҚ- ның еңбекті қорғау бойынша нұсқауы.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау - мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар тарапынан өзіне тұрақты көңіл бөлуді талап ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады.
Еңбекті қорғаудың қалыптасуының мақсаты - жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтау.
...