Отчет по практике в «Forte bank» АҚ
Автор: Alina1219 • Июнь 10, 2020 • Отчет по практике • 8,435 Слов (34 Страниц) • 1,853 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 «Forte bank» АҚ-на жалпы сипаттама
1.1«Forte bank» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы
1.2 Банктің ұйымдық- басқару құрылымы
- «Forte bank» АҚ-ның атқаратын қызметтері
2«Forte bank» АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы
2.1 Банктің 2013-2014 жж активті және пассивті операцияларына талдау жасау
2.2 «Forte bank» АҚ-ның несиелік операциялары мен шағын және орта кәсіпкерлікке берілген несиелерін талдау
2.3 « Forte Bank» АҚ-ның 2015-2017 жж клиенттерге берген несиелерінің көлемі
3 « Forte Bank» АҚ-ның қызметін жетілдіру жолдары
3.1 Банктердің депозиттік және кредиттік операциялары.
3.2Банктегі уақытша бос ақша қаражатын шоғырландыру функциясы
3.3 « Forte Bank» АҚ клиенттерінің депозиттері
4 « Forte Bank» АҚ - ның 2019 жылға арналған даму мақсаттары мен міндеттері.
4.1 Банктің болашақ кезеңдегі негізгі міндеттері
4.2 Forte Bank» АҚ-ның болашаққа деген даму мақсаты
4.3 Шартқа сәйкес « Forte Bank» АҚ өзіне бірқатар міндеттемелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өндірістік тәжірибеден өту барысындағы мақсатым есеп беруге қажетті «ForteВank» АҚ-ның ұйымдастыру кұрылымымен толық дәрежеде танысып, қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдау болып табылады.
«ForteBank» АҚ қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 20 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді.
Бүгінгі күні «ҒorteBank» AҚ активтер мөлшері бойынша елімізде оныншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеуде әмбебап қаржы институты ретінде дамуда.
«ForteBank» AҚ төмендегілерге қатысушы болып табылады:
- Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына;
- Қазақстанның ипотекалық кредиттеріне кепілдік беру;
- Қазақстандық қор биржасына (KASE);
- Қазақстан каржыгерлерінің қауымдастығына;
- S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың халықаралық банкаралық жүйесі;
- Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы
- VISA International жэне MasterCard International халқаралық төлем жүйслерінн незізгі мүшесі.
«ForteBank» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген.
«ForteBank» AҚ Казақстан Республикасының 39 қалалық жэне ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 145 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 700 банкомат, оның ішінде 200 колма-кол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 200 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 1000 РOS-терминал есептелінетін көлемді эквайрингтік кұрылғы желіcіне ие.
Банкіге томендегідей рейтингтер берілген:
Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттіrі:
- "В" контрагентінің ұзақ мерзімді кредит рейтингі
- "В" контрагентінің қыска мерзімді кредит рейтингі
-Ұлттық шкала бойынша Банкіге "КzBB" рейтингі берілді
-Тұрақты болжам
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «ForteBank» АҚ-на 27.02.2015 ж. Берген №1.2.29/197/36 лицензия берген.
1«Forte bank» АҚ-на жалпы сипаттама
1.1«Forte bank» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы
2006 жылдың 20 желтоқсанында кұрылған «Альянс Банк» АҚ Тараз қалалық филиалы біртұтас «Альянс Банк» АҚ құрамдас бөлігі болып табылады. «Альянс Банк» АҚ «Семей қалалық акционерлік банк» ААҚ мен «Иртышбизнесбанк» ААҚ - екі аймақтық банктің косылуы арқылы 1999 жылдың 13 шілдесінде кұрылған "Иртышбизиесбанк" ААҚ Павлодар к-сы) құқықтық мирасқоры болып табылады. Бірігу екі кұрылымның 1993 жылдан бері жинақтаған банк қызметіндегі тәжірибесін қосты, сондай-ақ Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындарымен жұмыс жүргізуге бағытталған аймақаралық банкке айналдырды. 2001 жылы «Иртышбинесбанк» ААҚ республиканың біркатар аймақтарында ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындарына кешенді қызмет көрсетуде мол тәжірибесі бар тұрақты банк құрылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы № 245 қаулысына сай Банк Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға ету тәртібі туралы ереженің талаптарын орындаған деп танылды.
...