Өндірістік практикадан өту бойынша есеп «Forte bank» АҚ АФ
Автор: Sezym Abdigalieva • Июнь 25, 2022 • Отчет по практике • 5,553 Слов (23 Страниц) • 899 Просмотры
КЕеАҚ Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді______________
Кафедра меңгерушісі PhD
профессор м.а. З.Ж. Кенжегалиева
«_____» ______________ 20____ ж.
Өндірістік практикадан өту бойынша
ЕСЕП
Орындаған студент 5В050900 – Қаржы және аналитика мамандығы 3 курсының
Студенті Ниязгалиева Сания Асылбекқызы
Практикадан өткен орны: «Forte bank» АҚ АФ
Практикадан өткен мерзімі «30 мамыр» – «21 маусым» 2022 ж.
Есептің тапсырылған күні «__» ____________ 20____ж.
Практика жетекшісі (кафедрадан) PhD, аға оқытушы, Қанатова А.Ж.
Есеп қорғалды «____»______________ 2022ж. ________________________
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 «Forte bank» АҚ-ның негізгі қызметі..............................................................................................................4
1.1 «Forte bank» АҚ банкінің тарихы..................................................................................................................4
1.2 Банктің миссиясы, даму стратегиясы, акционері мен еншілес ұйымдары, қызметі..................................................................................................................7
2 «Forte bank» АҚ банкінің ұсынатын Өнімдері және алға қойылған мақсаттары............................................................................................................9
2.1 «Forte bank» АҚ банкінің жетістіктері..............................................................................................................9
2.2 Банктің алға даму мақсаттары.............................................................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................................................................18
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибесі оқу процесінің негізгі бөлінбейтін бөлігі және әртүрлі меншіктік түрлердегі кәсіпорындар, банктер үшін мамандар дайындаудың маңызды элементі болып табылады.
Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстырып, бекіту болып табылады. Сол мақсатта Атырау қаласы, Еуразия банкнде 30.05.2022 мерзімінен 21.06.2022 ж. мерзіміне дейін оқу-танысу тәжірибесіне жіберілдім. Тәжірибе өту мерзімі кезінде Мекеменің атқарылатын жұмыстармен, бөлімдердің жұмыс жоспарларымен және банктік сала бойынша қандай қызмет көрсетілетіндігі жайлы мағлұматтар алып, сол бағыттағы жұмыстарға араласып, біліктілігімді арттырдым. Өндірістік тәжірибесінің мақсаты - теориялық біліммен тәжірибеден алған машықты нығайтудан тұрады, сонымен қатар Қазақстандық мемлекеттік ұйымдардың қаржылық жағдайына, атқаратын операцияларына кеңірек тоқталу.
Біріншіден, жұмыс атқару барысында келесідей машықтарды бойыма сіңірдім:
- Жұмысқа уақытылы келуді;
- Ұжымдастармен қарым-қатынасты орнатуды;
- Өз жұмысыма ұқыптылықпен және жауаптылықпен қарауды;
- Клиенттерге дұрыс бағыт-бағдарда ақпарат жеткізуді үйрендім;
- Басқарушылармен қарым-қатынас және тұрақтылыққа үйрендім;
Банктің жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысады. Банктің негізгі мақсаты – екінші деңгейдегі банктерден ипотекa несие алу кезінде бастапқы жарналарды төлеу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты табысы бар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алуын қаржыландыру мақсатымен жеке жинақ қаражатын қорландыру негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру. Жарғылық капиталы 1,5 млрд. теңге. 2003 жылдың 29 қыркүйегінен бері 1,05 мың салымшы тартылды. Банк тартқан тұрғын үй құрылысы жинақ қаражаты бойынша жалпы келісімшарт сомасы 900 млн. теңгеге жуық [1].
...