Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Forte Bank» АҚ Құлсары қаласындағы БҚКО-нда өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Практическая работа  •  7,668 Слов (31 Страниц)  •  1,954 Просмотры

Страница 1 из 31

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

 «Forte Bank» АҚ Құлсары қаласындағы БҚКО-нда өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы

ЕСЕП

                                           

                                            Орындаған: Бимаганбет И.Б.

                                               Тексерген:

                                                     

Ақтөбе-2018

Мазмұны

Кіріспе

I  «Forte Bank» АҚ-ның экономикалық ресурстары

  1. Жалпы бөлім
  2. «Forte Bank» АҚ-ның негізгі құралдарын пайдалануды талдау.  
  3. «Forte Bank» АҚ-ның  кадрлық жұмысын талдау
  4. «Forte Bank» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау
  5. «Forte Bank» АҚ-ның  өнімдері

II «Forte Bank» АҚ-ның қызмет етуінің экономикалық тетігі

2.1   «Forte Bank» АҚ-ның инвестициялық қызметін талдау

2.2   Кәсіпорындағы шығындарды талдау және баға қалыптастыру

2.3   «Forte Bank» АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау.

2.4  Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

                                                        Кіріспе

 

   Өндiрiстiк тәжiрибе келесi негізгі мақсаттардың жетуін қарастырады:

  • теориялық бiлiмдердi жетілдіру мен қорытындылау, таңдалған мамандық бойынша нақты қаржылық – экономикалық есептердiң шешiмін табу және жаттығу дағдыларын дамыту: қаржылық жоспарлау және болжау, бақылау - аналитикалық жұмыстың жүзеге асырылуы, барлық есептеулер және шаруашылық субъектiң қызметімен жүргізілетін төлемдердiң орындауы;

  • кәсіпорынды ғылыми зерттеулердiң тәжiрибесi;

  • тәжiрибеге қатысты жұмыстың өтуi туралы есептеу нәтижесiнiң жазуына қажеттi материалдардың жиын, жалпылау, талдау және жүйелеуi көкейкестi қаржы мәселелерi бойынша iс жүзiнде айқындалған ғылыми баяндамалар.

Қойылған мақсаттар келесi міндеттердің орындалуын қарастырады:

  • қаржы және кәсiпорын, ұйым немесе тәжiрибенiң өтуiн басқа орындағы бақылау - аналитикалық жұмыстың барлық бағыттардың мазмұнының терең игеруi;
  • тәжiрибенiң өтуi ұйымдастырылған кәсіпорынның қаржы бөлiмiнiң қызметiндегi тiкелей қатысуы;
  • тәжiрибенiң бағдарламасын орындауы.

   Мен, Бимаганбет Индира Багитжановна, 2018 жылы 29 қаңтар мен 7 сәуір аралығында «Forte Bank» Акционерлік Қоғамынан өндірістік тәжірибеден өттім. Алғашқы күні Атырау облысы, Құлсары қаласындағы «Forte Bank» Акционерлік Қоғамының Банктік қызмет көрсету орталығының ұжымымен таныстым. Өндірістік практикамды несие бөлімінің жүргізуші менеджерінің қол астында өттім. Тәжірибе жетекшімнің нұсқауымен банк қызметіне байланысты заңдар мен нормативті құжаттардың тізімен таныстым. Бұл бөлім жеке тұлғаларды несиелендіру бағытында жұмыс жасайды.

   «ForteBank» акционерлік қоғамы Қазақстанның жетекші банктерінің бірі болып есептеледі және банктік қызметтер нарығында 20 жылдам астам табысты жұмыс атқаруда.

   Банк көрсететін қызметті әр түрлі саладағы бизнеспен айналысатын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар пайдалана алады. Банк корпоративтік клиенттерге дүниежүзілік стандартта қызмет көрсету үшін өнім қатарын кеңейту және қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында жұмыс жасайды.  Банктің негізгі ұстанымдары негізіне өзара тиімді ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату, жасалып жатқан операциялардың сенімділігінің биік дәрежесін қамтамасыз ету және клиент мәселесіне жеке шешім табу.

             I  «Forte Bank» АҚ-ның экономикалық ресурстары

                                            1.1. Жалпы бөлім

   Банк қызметінің мақсаттары:

    1. Банк қызметінің негізгі мақсаты банктік және банктердің жүзеге асыруына рұқсат етілген  өзге де операцияларды жүргізу арқылы табыс табу және құнды қағаздар нарығында кәсіби қызметін жүзеге асыру болып табылады.

    2. Банк қызметінің осы баптың 1-тармағында көрсетілгеннен басқа мақсаттарын Банк органдары өздерінің құзыреті шегіндебелгілейді.

   Банк қызметінің түрлері

...

Скачать:   txt (99.5 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (806.6 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club