Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хаммурапидің заңдары

Автор:   •  Январь 16, 2019  •  Курсовая работа  •  6,987 Слов (28 Страниц)  •  1,793 Просмотры

Страница 1 из 28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

«Құқық пәндері» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Хаммурапидің заңдары»

5В030100

Сырттай

зЮ3-18 к

Автор             Айтмагомбетова К.М.[pic 1]

                                        

Жетекші        Конырбаева Д.Т.[pic 2]

Петропавл қ., 2018 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        4

1. ВАВИЛОН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ        6

1.1 Вавилон құқығының қайнар көздері        6

1.2 Хаммурапи заңдарының жалпы сипаттамасы        7

2. ХАММУРАПИ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ        13

2.1 Қарыз және сауда-саттық шарты        13

2.2 Ежелгі Вавилондағы отбасылық және мұрагерлік құқық        15

ҚОРЫТЫНДЫ        21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        23

[pic 3][pic 4][pic 5][pic 6]

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Хаммурапи заңдары саяси және құқықтық ілімде өте үлкен орын алатын заңдар жинағы. Оның алдыңғы заңдарға қарағанда, бұл заңда біраз алға басушылық байқалады. Мұнда әрбір қарастырылып отырған мәселеге байланысты баптар топ-топ болып бөлінген. Мен соның ішінде отбасылық, мұрагерлік және қарыз шарты қатынастар туралы баптарға көп тоқталып, әрбір жеке қатынасқа ерекше көңіл бөліп, біраз мәліметті айтып өттім.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Хаммурапи заңдары саяси және құқықтық ілімдерде алғаш толық және көпжақты құқықтық нормалар ретінде қалды. Хаммурапидің заңдар жинағы сонау ерте замандағы шумерлік заңдар Ур-Намму, Липит Иштардың, сондай-ақ Билалам заңдарының, Эшнун патшаның заңдарының жалғасы болып табылады. Бұл заңның өзгелерден ерекшелігі олардың жүйелі етіп жасалуында еді. Сол жүйелілігі арқылы ол тұңғыш рет бір мемлекеттің тәжірибе жүзінде заңы болып, сол заманның аса қуатты,ірі мемлекеті Вавилонда тәртіпті қоғам орнауына ұйытқы болды. Мәселенің өзектілігі, саяси және құқықтық ілімдерге үшін маңыздылығы да –осы, яғни заңның іс жүзінде Вавилон сияқты алпауыт мемлекеттің қоғамын қалыптастыруда үлкен роль атқаруында.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дерек көздері мен жалпы Хаммурапи заңдарының өзіне сүйене отырып, ол заңның саяси және құқықтық ілімдерде алар орны мен  әсіресе отбасылық, мұрагерлік,  қарыз шарты және сауда-сатттық қатынастардағы дұрыс және бұрыс жақтарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:

- Вавилон құқығының қайнар көздері және Хаммурапи заңдарының жалпы сипаттамасы;

- Хаммурапи заңдары бойынша міндеттемелік құқық;

- Қарыз және сауда-саттық шарты;

- Ежелгі Вавилондағы отбасылық және мұрагерлік құқық.

Курстық жұмыстың қайнар көзі: Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылатын Хаммурапи патшаның заңдар жинағы жазылған ескерткішін 1901 жылы  де-Морган басқарған француз археологиялық экспедициясы нәтижесінде тапқан. Оны Вавилон жеріне жасалған жорық барысында эламиттермен әкетілген. Заңдар жазылған қара бағананың жоғарғы бөлігінде тақта патшалық құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында салтанатты кейіпте тізе бүккен Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген. Бұл сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды білдіреді. Кіріспе мен қорытынды ритмикалық тұрғыда жазылған және онда Хаммурапи патшаның жетістіктері туралы, патша заңдары жоғарыдан жіберілген әділ де өзгермейтін заңдар екендігі көрсетіледі. Бағанада Шамаш құдай мен Хаммурапи патшаның бейнесі бейнеленген жерден бөлек жазылған 282 баппен толтырылған.

...

Скачать:   txt (92.2 Kb)   pdf (287.9 Kb)   docx (45.4 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club