Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстық заңмен реттелетін

Автор:   •  Октябрь 24, 2022  •  Реферат  •  281 Слов (2 Страниц)  •  103 Просмотры

Страница 1 из 2

Қылмыстық заңмен реттелетін қатынастар  екі топқа бөлінеді:

Бірінші топты іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар (қажетті қорғаныс, аса қажеттілік, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау және т.б.) болған кезде зиян келтіру бойынша азаматтардың заңды әрекетін құрайды.

Қатынастар-дың екінші тобын қылмыс жасауға байланысты қылмыстық әрекеті құрайды.

Қылмыстық-құқықтық реттеу әдісі – бұл реттелетін қатынастарға әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Құқық теориясында құқықтық реттеудің үш әдісі бар:

        Заң бойынша рұқсат беру әдісі (метод дозволение)

        Заң тұрғыдан ұйғарым әдісі (метод предписание)

        Тиым салу әдісі (метод запрета)

2014 жылы ҚР жаңа Қылмыстық кодексі қабылданды, ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Кодекс екі бөлімнен тұрады:

1)Жалпы бөлім

Жалпы бөлімде Қылмыстық кодекстің міндеттері қарастырылады; оның уақыт пен кеңістіктегі күші; қылмыс пен жазаға қатысты жалпы мәселелер; қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату түрлері.

Жалпы бөлімнің жеке бөлімдері кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігіне және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына арналған.

2)Ерекше бөлім

Кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектілері бойынша жүйеленген қылмыстар құрамдарының тізбесі және олардың әрқайсысы үшін санкциялар беріледі.

Қылмыстық құқық қылмыс жасалған кезде пайда болатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді.

Қылмыстық құқық басқа құқық салаларынан қорғалатын әлеуметтік қатынастар шеңберімен және оларды реттеудің нақты әдісімен ерекшеленеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабынан туындайтын Қазақстанның қылмыстық заңнамасының қайнар көзі тек Қылмыстық Кодекс болып табылады.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (70.5 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club