Контрольная работа по "Уголовному праву"
Автор: Temirlan0707 • Октябрь 10, 2022 • Контрольная работа • 822 Слов (4 Страниц) • 222 Просмотры
Мазмұны:
1. Жаңа қылмыстық заңның кері күші болады ма, егер: жаңа редакцияда баптың санкциясында жазаның жоғары шегі төмендеп, бірақ төменгісі – көбейсе; жазаның жоғары шегі көтеріліп, бірақ төменгісі – азайса; жаңа редакцияда баптың санкциясында жазаның жоғары шегі төмендеп, ал төменгісі – өзгеріссіз қалса; негізгі жазаға балама жеңіл жаза қосылса, бірақ жазаның қалған түрлерінің шектері көбейсе; негізгі жазаның шектері төмендесе, бірақ санкцияға жазаның қосымша түрі енгізілсе.
2. Қылмыстық кодексте кеңінен қолданылатын қылмыстық қызмет және оның нәтижесінің мөлшерін сипаттайтын «ірі залал», «ірі мөлшер» ұғымдарды түсіндіру үшін қандай әдістер қолданылуы мүмкін?
3. Келесі ұғымдардың ара қатынасын анықтаңыз «қылмыстық құқықтың қайнар көздері», «қылмыстық заңнама», «қылмыстық қүұқықтың нормалары бар актілер».
4. Өлтіремін деген қорқытумен хат Интернет желісі арқылы Алматы қаласынан Түркиядағы жәбірленушіге жіберілді. Қылмысты жасау орнын анықтаңыз.
№1.Жаңа қылмыстық заңның кері күші болады ма, егер: жаңа редакцияда баптың санкциясында жазаның жоғары шегі төмендеп, бірақ төменгісі – көбейсе; жазаның жоғары шегі көтеріліп, бірақ төменгісі – азайса; жаңа редакцияда баптың санкциясында жазаның жоғары шегі төмендеп, ал төменгісі – өзгеріссіз қалса; негізгі жазаға балама жеңіл жаза қосылса, бірақ жазаның қалған түрлерінің шектері көбейсе;негізгі жазаның шектері төмендесе, бірақ санкцияға жазаның қосымша түрі енгізілсе.
Жауабы:Қылмыстық заңның кері күші-қылмысты жоятын, жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жақсартатын әрекеттің кері күші болады, яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекеттер жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Әрекеттің қылмыстылығын белгілейтін, жазаны күшейтетін немесе адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды.
Іс-әрекеттің қылмыстылығы жойылған, жаза жеңілдетілген, қылмыс жасаған адамның жағдайы өзгеше түрде жақсарған жағдайда қылмыстық заңның кері күші болады.
Егер жаңа редакцияда баптың санкциясында жазаның жоғары шегі төмендеп, бірақ төменгісі – көбейсе заңның кері күші болады. Егер жазаның жоғары шегі көтеріліп, бірақ төменгісі – азайса кері күші болмайды.Бұл жерде жоғары шегіне мән береміз,жоғары шегі көтерілсе,заң қатал болады. Жаңа редакцияда баптың санкциясында жазаның жоғары шегі төмендеп, ал төменгісі – өзгеріссіз қалса заңның кері күші болады. Егер негізгі жазаға балама жеңіл жаза қосылса, бірақ жазаның қалған түрлерінің шектері көбейсе
негізгі жазаның шектері төмендесе, бірақ санкцияға жазаның қосымша түрі енгізілсе кері күші болмайды.Жазаның жауапқа тартылған адамның жағдайын нашарлатады.
Осылайша, қылмыстық заңнама бойынша жаңа заңның ережелері ғана кері күшке ие:
Қылмыстық іс-әрекет жоюға бағытталады.
Жазаны жеңілдетеді.
Басқаша айтқанда, жауапқа тартылған адамның жағдайын жақсартады.
№2 Қылмыстық кодексте кеңінен қолданылатын қылмыстық қызмет және оның нәтижесінің мөлшерін сипаттайтын «ірі залал», «ірі мөлшер» ұғымдарды түсіндіру үшін қандай әдістер қолданылуы мүмкін?
Заңды түсіндіру - құқық субъектілерінің заң шығару, құқықты іске асыру немесе заңнаманы жүйелеу процесінде жүзеге асырылатын заң нормаларының мазмұнын белгілеу жөніндегі қызметі. Заңды түсіндіруді мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және жеке азаматтар әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыра алады. Заңды түсіндірудің нәтижесі заң нормасының мағынасының бір мағыналы және толық түсінікті болуы, оны дұрыс және біркелкі қолдану, оны жүзеге асырудағы түсініксіздіктер мен мүмкін қателерді жою болуы керек. Тақырып бойынша түсіндіру түрлері:
...