Құқық бұзушылық және занды жауапкершiлiк
Автор: Oljast • Май 1, 2021 • Реферат • 4,196 Слов (17 Страниц) • 562 Просмотры
[pic 1]
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультеті
Мемлек және құқық теория пәні
1-курс
СӨЖ
Тақырыбы: 6-СӨЖ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП.
Орындаған: Таңсықбай О.Қ
Тобы-103
Тексерген: Турсынкулова Д А
Алматы 2020
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП.
1. Құқық бұзушылықтың түсінігін, негізгі белгілерін, құрамын ашып көрсетіңіз. Құқық бұзушылықтың түрлерін ашыңыз. Құқық бұзушылықтардың себептерін, оларды болдырмау жолдарын ашыңыз.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт болып табылады. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. Құқық бұзушылық - есі дұрыс адамның мемлекет, қоғам және азаматтардың мүддесіне зиян келтіретін, құқыққа қайшы, кінәлі, жазаланатын, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздігі. Әрекет субъектінің белсенділігімен ерекшеленеді. Яғни ұрлық, төбелес, бұзақылық, қарақшылық, адам өлтіру, денеге жарақат келтіру сияқты т.б. Ал әрекетсіздік, керісінше, бәсеңдікпен ерекшеленеді: тұлғаның өз лауазымдық міндеттерін орындамауы, қандай да бір объектіні күзетуші күзетшінің немесе күзет орнындағы қарауылдың ұйықтап қалуы; адамды өмірі үшін қауіпті жағдайда қалдыру, оған көмек көрсетпеу; салық төлемеу; сотқа келмеу және т.б. Бір сөзбен айтқанда, тұлға заң бойынша белгілі бір әрекетті жасауға міндетті болғанымен, оны жасамайды. Құқық бұзушылықтар-кез келген демократиялық мемлекет күресетін теріс құбылыс. Құқық бұзушылықтан келетін зиян немесе шығын моральдық, материалдық, жеке, ұйымдастырушылық, сондай - ақ, елеулі және кішігірім, қалпына келетін және келмейтін, өлшенетін және өлшенбейтін болуы мүмкін. Құқық бұзушылықтың түрлері және өзіне тән белгілері болады.
Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері.
Әрекет немесе әрекетсіздік. |
Кінә.
|
Құқыққа қайшылығы. |
Зиянды салдар. |
Әрекет пен зиянды салдардың арасындағы себепті байланыс. |
Заңды жауапкершілік. |
Және т.б |
Құқық бұзушылықтың құрамы.
Құқық бұзушылықтың объектісі | Құқық бұзушылықтың субъектісі | Құқық бұзушылықтың объективтік жағы | Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы |
Құқық бұзушылықтың объектісі ретінде құқық бұзушы тұлға қол сұғатын, яғни, тікелей зиян, залал келтірілетін құндылықтар түсініледі. Ол жалпы және арнайы объектілер болып ажыратылады. Жалпы объектіге құқықтық тәртіп, мемлекет және қоғам мүдделері, әлеуметтік экономикалық және саяси құрылыс, қоғамдық қатынастар жатады. Арнайы объектілерге нақты игіліктер мен құндылықтар жатады. Яғни адамның өмірі, ар - ожданы, денсаулығы, меншігі, мүлкі, қауіпсіздігі және т.б. Кез келген құқық бұзушылық жалпы объектіге де, нақты объектіге де нұқсан келтіреді. | Құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде құқық бұзушылықты жасаған, әрекет және құқық қабілеттілікке ие тұлға танылады. Жасы кіші балалар мен жүйке ауруына шалдыққан тұлғалар құқық бұзушылықтардың субъектісі бола алмайды. Себебі, олар жауапкершілік қабілетіне ие емес. Бұл жағдай есі дұрыс еместік мәселесіне де қатысты. Сонымен қатар, шетелдік азаматтар бірқатар қылмыстардың субъектілері бола алмайды. Атап кететін болсақ мемлекеттік опасыздық, әскери қызметін өтеуден бас тарту, әскери қызметтен қашу сияқты т.б. Жеке тұлға өз әрекеттеріне 16 жастан бастап жауап береді. Яғни қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі. | Құқық бұзушылықтың объективтік жағы ретінде оның не, қайда, қашан, қалай орын алды деген сұрақтарға жауап беретін сыртқы белгілерінің жиынтығы түсініледі. Яғни ол белгілер а)әрекет және әрекетсіздік. ә)әрекеттің не әрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы. б)зиянды салдар, зиян, қоғамға қауіптілік. в)әрекет пен оның зиянды салдары арасындағы тікелей себеп-салдық байланыс. Сонымен қатар қ.б-ның объективтік жағын толық сипаттау үшін басқа да кейбір қосымша белгілермен шарттар ескеріледі: әрекетті жасау орны, уақыты, тәсілдері. Яғни әрекетті жалғыз немесе топ болып жасау, қару немесе басқа да құралдар арқылы жасау сияқты т.б. | Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы ретінде субъектінің өз әрекетіне және оның салдарына қатысты психикалық қатынасы түсініледі. Яғни, құқық бұзушының қылмысты жоспарлап, жүзеге асыру кезінде басшылыққа алған мақсаттары, себептері, ұстанымдары болып табылады. Олар құқық бұзушының қоғамға қарсы пікірін көрсетеді, қылмыстық тұрғыдан жазаланатын әрекетті жасаудың әлеуметтік- психологиялық механизмін ашады. Сондай-ақ, субъективтік жаққа алдын ала сөз байласу, пайдакүнемдік, қатты жан күйзелісі, қылмысты жасағаннан кейінгі жүріс-тұрыс жатқызылады. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы субъектінің өз әрекетіне деген қатынасын, оның жасауына не әсер еткенін білдіреді. Мұнда, ең бастысы, не жасалғаны емес, неге жасалғаны. Бұлардың барлығы кінә арқылы көрініс табады. |
...