Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сот тарихы

Автор:   •  Апрель 5, 2023  •  Эссе  •  445 Слов (2 Страниц)  •  84 Просмотры

Страница 1 из 2

Бізге сот органдары, сот билігі, сот деген сөздер бұрыннан таныс деп ойлаймын, жалпы  тарихымыздан көп естіп білгенбіз.  Жоғарыда айтып кеткенімдей қазақ тарихында сот органдары, судьялар бұрыннан болған.  Ашып айтатын болсақ, билерді- судьялар деп атаған. Яғни, қазіргі заманғы  сот органдарының қызметін, құзіретін билеріміз атқарып, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналған .  Қазірде , соның нәтижесі ретінде сот билігі бастапқы жетекші нысан болып табылады.  Қазақ тарихында билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей , олар қоғамдағы басқа да салаларына белсене қатысты; біріктіруші,  бағыт беруші және маңызды мәселелерді шешіп отырды. Олардың салмақты пікірімен жоғарғы шонжарлар, ханның өзі санасып , ақылдасып отырды. Демек, сол кездің өзінде соттар  аса құрметті, тәуелсіз орган болып, елде басты рөлді ойнаған деп ойлаймын.   Елдегі дауларды қазақ құқығының атақты алғыр билері шешті. Тіпті, қазақ халқында есімі кең етек алған , көпке әйгілі билердің есімі белгілі. Төле би Әлібекұлы , Қазыбек би Келдібекұлы,  Әйтеке би Байбекұлы- міне осылар үздік билер болды. Осы билердің атсалысуымен  Жеті Жарғы құқықтық нормасы жазылып, жинақталды  Бұл қазақ қоғамы мен жалпы қазақ мемлекеттілігінің құқығын қалаған бастама кірпіш десек қателеспейміз. Одан кейін,кеңес билігі құрылған соң көшбасшы болған жаңа сот органдары құрыла бастады. XIXғасырда билер сотымен қоса, Құран нормаларын басшылыққа алған қазылардың соттары өмір сүрді.  Құқықтың негізгі көздері- құран  мен  сүрелер  Мұхаммед пайғамбардың іс-әрекеттері , хадисте баяндалған қасиетті әңгімелері.  Бұл соттарда ауыр істерді, қылмыстарды талқылауда жүзеге асырылып отырды, сонымен қоса молдалар судьялар болып табылды. 1917 жылдын 19-22 сәуірінде Орал облыстық съезі Құран негізінде шешетін, яғни, шариғат нормаларын басшылыққа алатын қазылар сотын құру туралы шешім қабылдады.

...

Скачать:   txt (5.6 Kb)   pdf (40.5 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club