Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Реферат  •  923 Слов (4 Страниц)  •  3,489 Просмотры

Страница 1 из 4

Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

   Саясат ұғымы көне грек тілінде «мемлекетті басқару өнері» дегенді білдіреді. Саясатты анықтау саясаттың орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымның орталық санаты ретінде қарастырады. Ол озінің бастауын Аристотельден алған. Ол саясатты мемлекетпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген. Аристотельдің анықтауы бойынша, саясат- бұл «ортақ игілікке» және «бақытты өмірге» қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны. Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі ненізгі үрдіс туралы айтуға болады:

  1. Мемлекет пен саясатты таптық санаттарда марксизм түсіндіру.
  2. Мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында американдық «саясат туралы ғылым» және франсуздық «саясат ғылымы»  түсіндіру.

 

    Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Саясат дегеніміз мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдырдың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүдделері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады. Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Қоғам өз кезегінде адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді.

    Саяси саланың басқа салалардан айырмашылығы:ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік рөлін атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды  барлық қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай, саяси саланың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі және күрделі кезеңдерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде саясат саласы қоғамның барлық басқа салаларымен тығыз байланыста, срларға тәуелді болады.

    Кез келген әлеуметтік құбылыс өзінің өкімет билігі ығына еруінік дәрежесі мен деңгейіне қарай саяси белгілерін, саяси сипатының алуы немесе айырылуы мүмкін. Қоғамдағы саясат атаулының бәрі әлеуметтік, бірақ әлеуметтік атаулының бәрі әлеуметтік болмайды немнсе саясатқа айналмайды. Демек, қоғамда тәртіпті сақтау мен басқа міндеттерді шешу үшін өкімет билігі мен беделі бар қоғамдағы құбылыстарға, институттар мен қатынастарға қатысы бар нәрселердің бәрін саясат деп түсінеміз.

   Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу.

     Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті – жергілікті құрылымның (аудан, ауыл, қала) дамуымен байланысты мәселелерді реттеу; аймақтық – аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; жалпымемлекеттік – қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу; халықаралық – халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу; әлемдік – жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу.    

      Көлеміне қарай бөлінеді: - стратегиялық – қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін айқындау; тактикалық – ағымдағы мәселелерді шешу, жедел шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (66.2 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club