Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қасым-Жомарт Тоқаевтің жолдауы

Автор:   •  Октябрь 12, 2022  •  Реферат  •  625 Слов (3 Страниц)  •  191 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТІҢ ЖОЛДАУЫ

         Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің бұл жолғы Жолдауын қатты күттік. Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғам үшін маңызды бірқатар жаңа бағдарламаларды ұсынды. Атап айтсақ, ең төменгі жалақы 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өседі, білім алушыларға оқу ақысын төлеуге екі-үш пайыздық несие, кәсіпкер жастарға 2,5 пайызбен шағын несие беріліп, алдағы жылы 100 мың жас жаңа жұмыспен қамтылатындығын мәлім етті.

         Қоғамда көптен бері талқыланып, оң шешімін таппай жатқан мәселенің бірі – әйелдердің зейнеткерлік жасы. Осы әлеуметтік мәселені ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде бекітілетін болды. Бұған қоса бірыңғай жинақтаушы зейнетақы стратегиясы әзірленбек. Ал бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы бұрын бір жасқа дейін болса, енді 1,5 жасқа дейін ұзартылмақ.

          Жолдаудың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталуының өзінде үлкен мән бар. Жалпы, болашағын болжамаған елдің келешегі кемел болмайды. Біздің болашағымыз – балалар! Олардың білімді, тәрбиелі болуы бізге байланысты. Осының ішіндегі үш аусымды мектептерді жою, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру, педагогтар мәртебесін одан ары арттыру мәселесі өте орынды деп ойлаймын. Әрбір отбасы мемлекетіміздің ұлттық байлығының пайдасын көруге тиесілі. Сондықтан Президент биылғы Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» деген жаңа бағдарламаны бастауды тапсырды. Осы жоба бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысы кәмелет жасына толмаған балалардың арнайы әлеуметтік жинақтаушы есепшотына аударылады. Бұл қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды. Оны кәмелет жасына толған соң жоғары білім немесе баспана алуына пайдаланады.

          -Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нық қадам басуға мүмкіндік береді. Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болып, халықтың мүддесіне қызмет ететін болады. Ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере оырып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

            Жолдауда айтылған жастарды жұмыспен қамту деген сөздің төркінінде ауылға көңіл бөлу деген ой бар деп ұқтым. Осы жасқа дейін жолдың жаманын да, жақсысын да көріп келдік. Бұл жолғы Жолдауда 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдың 95 пайызы жөнделетіні айтылды. Бұл – өте орынды тапсырма. Ауыл шаруашылығын дамыту деген сөз – ауылды жақсарту деген сөз. Президенттің халықты тыңдап, ел экономикасының тұрақты болуын назарға алып жатқаны қуантты.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (48.3 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club