Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Молсервис» ЖШС-те өндірістік тәжірибені өту туралы

Автор:   •  Ноябрь 1, 2020  •  Отчет по практике  •  4,052 Слов (17 Страниц)  •  576 Просмотры

Страница 1 из 17

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Көлік-энергетика факультеті

Стандарттау және сертификаттау кафедрасы

«Молсервис» ЖШС-те өндірістік тәжірибені өту туралы

ЕСЕП

Орындаған: Нұрғали А. Қ.

Тексерген: Карбаев Н. К.

Нұр-Сұлтан 2020

Мазмұны

КІРІСПЕ        3

1.        Өндірістік тәжірибені өткен кәсіпорынның сипаттамасы        4

2.        Өндірістік тәжірибені өткен кәсіпорынның басқару құрылымы және еңбекті ұйымдастыру        5

3.        «Молсервис» сүт зауытының бөлімшелері        6

3.1.        Шикізат аймағы        6

3.2.        Қабылдау-аппараттық өндірістік бөлімшесі        6

3.3.        Зертхана        7

3.3.1.        Зертхананың түрлері        7

3.3.2.        Шикізатты қабылдау және сапасын бақылау        10

3.3.3.        Кәсіпорында метрологиялық қамтамасыз ету        11

3.3.4.        Дайын өнімді бақылау        12

3.3.5.        Өндірістің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау және өндірісті бақылау        14

3.4.        Сүтті қабылдау бөлімшесі        14

3.5.        Аппараттық бөлімше        15

4.        Зарарсыздандырылған сүт және қышқыл сүт өнімдерінің өндіру технологиялары        17

4.1.        Зарарсыздандырылған 3,2% майлылығы сүттің өндіру технологиясы        19

ҚОРЫТЫНДЫ        21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        22

КІРІСПЕ

Өндірістік тәжірибе – студенттер мен оқушыларға таңдап алған мамандығы бойынша, практикалық білім мен дағдыларды үйрету мақсатын көздейтін, жоғары, арнаулы орта оқу орындарындағы мамандар даярлаудың басты құрамды бөлігі.

Мен, Нұрғали Айгерім Қабділмәжитқызы, өндірістік тәжірибемді Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылындағы орналасқан «Молсервис» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім. Тәжірибенің өту аралығы 10.02.2020 – 13.03.2020. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым болашақта жұмыс істейтін қызмет саласын толықтай біліп, осы кәсіпорынның бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, жұмысқа қатысты қолданылатын нормативтік құжаттармен, қауіпсіздік ережелерімен танысу. Сонымен қатар, кіәсіпорынның құрылымымен, процесстермен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Кәсіпорындарда өнімдерді өндірген кезде пайдаланылатын барлық стандарттармен, нормативтік құжаттармен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде қолдана білу.

«Молсервис» ЖШС қызметтің негізгі бағыты – сүт өнімдерін өндіру.

Сүт өнімдері ең жаңа технологиялар бойынша француз жабдықтарында шығарылады. Бүгінгі таңда ұсынылған ассортимент 30-ға жуық өнім түрін қамтиды, олар: майлылығы 3,2%, 2,5%, 1,5% зарарсыздандырылған сүт, майсыз, дәрумендермен және йодпен байытылған сүт, кілегей, қаймақ, бифилюкс, ряженка, тәтті ряженка, айран, биоряженка және т. б.

«Молсервис» ЖШС табиғи сүт өнімдерін өндіретін Қазақстандағы аз ғана кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорынның барлық мамандарын бір мақсат біріктіреді – өндірілетін өнімдердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігі және олардың халықтың барлық топтарына қол жетімділігі. Сүт цехының технологтарының жауапкершілігі, кәсібилігі жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Сүт цехымен қатар кәсіпорында жөндеу-механикалық цех жұмыс істейді, мұнда тамақ өнеркәсібі үшін әртүрлі стандартты емес жабдықтар дайындалады, сүт ыдыстарын жөндеу, иінді біліктерді тегістеу, әр түрлі дәнекерлеу жұмыстарын орындайды және тағы басқалар. Жаңа өнімдерді, технологияларды, жабдықтарды әзірлеу, оларды игеру, шикізат жеткізушілермен, шетелдік фирмалармен байланысты кеңейту – бұл «Молсервис» ЖШС-нің жүріп жатқан жолы.

  1. Өндірістік тәжірибені өткен кәсіпорынның сипаттамасы

«Молсервис» ЖШС 1994 жылы француз АСТINI INTERNATIONАL фирмасының мамандары бір аусымына 17,2 тонна сүт өнімдерін өндіру цехын салып, жабдықтады. Құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін кәсіпорында ең жоғары талаптар өңделетін сүт және шығарылатын өнім сапасына қойылады.

...

Скачать:   txt (57.9 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (1.9 Mb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club